Қоғам

COVID-19: 222 адамның жағдайы нашар

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 13 164 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 905 бала бар.

Jasalash.kz

 Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Стационарларда 3 516 науқас жатыр. 9 648 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы, науқастардың арасында 222 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 31 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 33 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега