Дағдарыс біздің экономикамыз үшін сын-тегеурін ғана емес, мүмкіндік те болып отыр
ҚРПремьер-Министрі Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысынабейнеконференция байланысы режимінде қатысты, — деп хабарлайды «Жас Алаш» премьер-министрдің ресми сайтына сілтемежасап.
Қазақстан Үкіметінің басшысы Қазақстанның COVID-19 таралуыменкүресу, экономиканы тұрақтандыру, тұрғындар мен бизнесті қолдау бойыншақабылдап жатқан шаралары туралы айтып берді. Бұл ретте ұлттық экономикалардеңгейінде ғана емес, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында да дағдарысқақарсы шараларды одан әрі қабылдау қажеттігін атап өтті. Премьер-МинистрАӨК өнімдері мен бірінші қажеттіліктегі тауарлар импортын алмастыру жәнеазық-түлікпен өзін-өзі толық қамтамасыз ету арқылы ЕАЭО-ның өзін-өзі қамтуынкүшейтуі қажеттігін атап өтті. Үкімет басшысы ЕАЭО-ғақатысушы елдердің экономикаларының қазіргі және әлеуетті бәсекеліартықшылықтарының негізінде өндірістік процестерді өңірлендірудің,Оңтүстік-Шығыс Азия, Қытай және басқа аймақтардан көшірілетін өндірістікактивтерді тарту бойынша бірлескен тәсілдерді әзірлеудің, жаңа өткізу нарықтарыменбайланысты қалыптастырудың, цифрлық технологиялар мен жасанды зердені қарқындытүрде дамыту үшін қолайлы жағдайларды белсенді қалыптастырудың маңыздылығынатап өтті.
«ЕАЭОұзақ мерзімді тұрақтылығы сауда үрдістерінің тұрақтылығына тікелей байланысты.Осыған байланысты бізге одақ аясында жасалатын тауарлар мен қызметтердіңбасымдығын ескерумен аймақтық сауда-саттықтағы тәсілдерді бірлесіп қайтақарастыру қажет», — деді Мамин.
Премьер-Министрөзара саудадағы кедергілерді жүйелеу және одан әрі жою бойынша бірлескенжұмысты күшейту қажет екенін атап өтті.
"Қазіргіэкономикалық дағдарыс біздің экономикаларымыз үшін сын-тегеурін ғана емес,мүмкіндік те болып отыр. ЕАЭО аясындағы бірлескен жұмыс дағдарыс салдарынжұмсартуға ғана емес, ЕАЭО аясында құрылатын бағаның ұзақмерзімді өсуі менбәсекеге қабілеттілігін дамытудың іргелі факторларын қалыптастыру үшінжағдайлар жасауға мүмкіндік береді", — деді премьер-министр.
Сонымен қатар, отырысқаРесей Федерациясының Премьер-Министрі Михаил Мишустин, Беларусь Премьер-МинистріСергей Румас, Молдова Премьер-Министрі Ион Кику, Қырғызстан Премьер-МинистріМухаммедкалый Абылгазиев, Армения Республикасының Премьер-Министрі НиколПашинян және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы МихаилМясникович қатысты.
Отырысқа қатысушыларЕуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялықбағыттары жобасын дайындау бойынша жұмыс барысын, арнайы қорғау, демпингкеқарсы және өтемдік шараларды қолдану тетіктерін жетілдіру, электрондық сауданыдамыту, ұлттық ақпараттық жүйелерді жедел интеграциялау және басқа дамәселелерді қарады.
Тараптар ЕАЭО мүшемемлекеттердің аумағындағы тез бұзылатын өнімдер экспортын рәсімдеуді тауардыңшығуының сериялық сертификаты жүйесін енгізу арқылы жеңілдету туралы келісімгекелді. Бұл шараЕАЭО елдерінде тауарлардың шыққан жерін растайтын құжаттарды алуға жұмсалатынуақыт және материалдық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.«Сериялық» өнімнің шыққан жері туралы сертификат біртекті, серияменшығарылатын өнімдерге 6 ай мерзімге бір рет беріле алады. ЕҮАК отырысыныңқорытындысы бойынша COVID-19 пандемиясы жағдайында экономикалық тұрақтылықтықамтамасыз ету жөніндегі ЕАЭО шараларын қоса алғанда, бірқатар шешімдер,тапсырмалар және өкімдер қабылданды. Құжат тұрғындардыңсанитарлық-эпидемиологиялық қолайлылығы саласында өкілетті органдардың өзараіс-қимылын күшейтуді, кедендік тасымалдау баждарының мөлшерлемелерін уақытшаесептемеу және кедендік рәсімдерді оңайлату жолымен әлеуметтік маңызы бартауарлардың импорты үшін «жасыл дәліз» құруды, үшінші елдерге аса маңыздытауарлардың экспортына бірыңғай уақытша шектеулер енгізуді, сауданы жәнеқолма-қол ақшасыз төлемдерді цифрландыруды ынталандыруды, вирусқа қарсыпрепараттар мен вакциналар жасау, олардың жаппай өндірісін жолға қою жөніндегібірлескен іс-шараларды және басқа да шараларды қарастырады.