Данияр Ақышевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Данияр АҚЫШЕВТЫҢ үстінен қылмыстық іс қозғалуда.
Бұл туралы ақпарат @kazebitda телеграмм-арнасында жарияланған.Жарияланған мәлімет бойынша, Ұлттық банктің бұрынғы төрағасына қатысты тергеу жүріп жатқаны және оның қорытындысына дейін өте аз уақыт қалғаны айтылған.«БЖЗҚ-ның Лондон биржасынан Қазатомөнеркәсіп акцияларын сатып алып, оны KASE-ге қою арқылы саудалауы» қылмыстық қудалауға негіз ретінде алынған.Тағы бір себебі – теңге бағамымен „ойнауы“. Аудиторлар бұл ретте бірнеше заңсыздықтарды байқап, одан жақсы табыс тапқан компанияларды анықтаған,» — делінген жазбада.
Айта кету керек, Данияр Ақышев 2019 жылдың ақпанына дейін үш жылға жуық Қазақстан Ұлттық банкін басқарған.
Фото: kaztengrinews.kz