Саясат

Дархан Қалетаев тағы бір елдің елшісі болып тағайындалды

Дархан Қалетаев Молдовадағы ҚР елшісі болып тағайындалды. "Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Аманұлы Қалетаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды", делінген Ақорда хабарламасында.

Jasalash.kz

Дархан Қалетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы елшісі болып 2020 жылдың ақпанында тағайындалды. Оған дейін ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега