Қоғам

Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: ашық дереккөз

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.

Дастан Адайұлы Рыспеков 23 маусым 1984 жылы Жезқазғанда дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және ҚазМЗУ Алматы заң академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Экономика және бюджетті жоспарлау департаменті түсімдерді болжау бөлімінің бас маманы ретінде бастаған. 2007-2016 жылдары Алматы қаласында Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2023 жылғы тамыздан бастап Ұлытау облысы әкімінің орынбасары. 2024 жылы 9 қазанда Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалған. 

Сайт Әкімшілігі