Баған

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Ақпарат және қоғамдық даму министріДәурен Абаев әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Jasalash.kz

Оның айтуынша, желіде«адамдардың 70 пайызында коронавирусқа қарсы иммунитет бар. Қауіпті індет 1965 жылы тіркелген» деген мәлімет тараған.

«Мұны түсіндіру керек.Дәрігерлер, мамандар мені толықтыратын шығар. Бірақ коронавирус — вирустартобы. Оған 40 вирустың тобы кіреді. Атипиялық пневмония — бұл да коронавирус.Таяу шығыс респираторлық синдромы — бұл да коронавирус. Иә, 1965 жылы мұндайвирустың бірінші түрі анықталды. Алайда бұл COVID-19 емес. Адамдарды өлтіріпжатқан қазіргі вирус тек 2019 жылы ғана анықталды», — дейді министр«Хабар 24» телеарнасында өткен брифингте.

"Өкінішке қарай, COVID-19-ға қарсы адамдардаиммунитет жоқ. Сенбеңіздер, бұл туралы италиялықтардан сұраңыздар", — дедіДәурен Абаев
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега