Әлеумет

Дәурен АБАЕВ: Мемлекеттік қордан әр тұрғынға ақша бөлу деген – нағыз популизм

КТК телеарнасыныңтілшісі Жазира Бегалы «Карантинге байланысты ақысыз еңбек демалысына шығып,тиын-тебені, азық-түлігі таусылған отбасылар көмек сұрап жатыр.

Jasalash.kz

Бала-шағасынатіске басатын таппай отырған тұрғындардың түйткілін кім шешеді?» деп постжазып, бірнеше адамның жанұшырған жазбасын салыпты. Мұндай жазбалар күн санапкөбейіп барады. Ал әйел заты еш уақытта қарадан-қарап шырылдамайды. Баласыныңжағдайы үшін басын тауға да, тасқа да ұрады. Бұл карантин басталғалы беріалғашқы бір аптадағы жанайқай. Егер төтенше жағдайдың уақыты бір-екі айғаұзаратын болса, халықтың жағдайы қалай болмақ? Осы нәрселер түрткі болды ма,әлде халық та мемлекет қамқорлығын сезінсін деген ниетпен бе, қоғамбелсенділері мен тілшілер қауымы мемлекет тарапынан азаматтарға қаржылай қолдаукөрсету қажет екенін батылырақ айта бастады. Белгілі жазушы Марат Тоқашбаев «Ұлттыққордан әр тұрғынға айына 100 мың теңге берілсін» деген орынды талап қойды.Сол-ақ екен, әлеуметтік желі мен қоғам белсенділері қызу қолдай жөнелді. Бұлмәселеге жауап беру үшін ақпарат және қоғамдық келісім министрі Дәурен Абаевтағы да суырылып алға шықты. «Мемлекеттік қордан әр тұрғынға ақша бөлу деген –нағыз популизм», – деді министр. Ежелден прагматистік ұстанымды ту еткен АҚШпен өзге елдердің тәжірибесі осылайша министріміздің бір-ақ ауыз сөзіменпопулизмге айналып кеткендей әсерде қалдық. Сосын, өзімізше сараптап көругетырыстық. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, үкімет індетпен күреске 10 млрддоллар бөліпті. Егер осы қаржыдан Қазақстанның әр тұрғынына үш ай бойы 200доллардан төленіп отырса, психологиялық және материалдық үлкен көмек болары сөзсіз.Біріншіден, халық мемлекеттің қамқорлығын, Ұлттық қордың қажеттігін сезінереді. Екіншіден, бұл қаржы шекара асып, ешқайда кетпейді. Айналып келіп бюджеткеқайта түседі. Өйткені іскер тұрғындар мемлекеттің берген көмегімен өз ісінжүргізуге пайдаланып, өзін-өзі жұмыспен қамтиды әрі бала-шағасының нәпақасынтабады. Дым болмады дегенде, шағын жерге егістік салады немесе ашықпай отырады.Халықтың қарсылық көңіл күйі бірден үкіметті қолдаушы күшке айналып шығар еді.Қарапайым математикалық талдау жасасақ, 18 млн тұрғынға 200 доллардан бергенде,бір айға 360 млн доллар шығын кетеді екен. Ал үш айға 1 млрд 80 млн долларжұмсалады. Бұл – індетке қарсы күреске бөлінген қаржының бар болғаны 10,8пайызы ғана. Қазақстан сияқты қазба байлығы мол, Ұлттық қоры мен алтын қорықомақты мемлекет үшін бұл түк те емес. Ұсыныс көп. Оның қайсысы іске асарыәзірге белгісіз. Белгілісі – қараша халықтың күні 42 мың теңгеге қарап тұр.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега