Дәурен Абаевтың министрлігі тарап кетті
Бір министрлік жабылып, екі министрлік пайда болды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі жарлыққа сәйкес Ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылды.
Бұл туралы Жас Алаш Президенттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігіне Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен ақпарат саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріліп, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі атты жаңа ведомства пайда болды. Оған басшы кім болмақ? Дәурен АБАЕВ па, әлде Дархан ҚАЛЕТАЕВ па?Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне (бұрыңғы) Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен байланыс, ақпараттандыру, «электрондық үкімет», мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту саласындағы функциялары мен өкілеттіктері берілді. Су жаңа министрлік Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі деп аталатын болды.Фото: azattyq.org