Әлеумет

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Фото: Pixabay

«Қазгидромет» болжамынша, солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты көптеген өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жауын-шашын қатты болып, бұршақ түсуі мүмкін.

Синоптиктердің мәліметінше, 22 тамызда жаңбыр әсіресе еліміздің солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда күтіледі. Кей өңірлерде жел күшейіп, екпіні секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал.

Ал Қазақстанның батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады. Бұл өңірлерде күндіз ауа температурасы 34-39 градусқа дейін көтеріліп, ыстық болады.

Мамандар демалыс күндері ауа райының өңірлер бойынша айтарлықтай ерекшеленетінін ескертеді: бір аймақта жаңбыр жауып тұрса, батыста тұрғындарды аптап ыстық күтіп тұр.

Сайт Әкімшілігі