Саясат

Демпартия Әділет министрлігін сотқа бермек

Бүгін Алматықаласындағы халықаралық адам құқықтары мен заңдылықты қорғау бюросындаҚазақстан демократиялық партиясын құру бастамашыл топ мүшелері Жанболат Мамай,Төлеген Жүкеев және Абзал Достияров баспасөз мәслихатын өткізді.

Jasalash.kz

Жиын барысындаДемпартия жақтастарына қысым көрсетіліп жатқандығы айтылды.

Жанболат Мамайдыңсөзінше, билік өкілдері соңғы уақыттары Демпартия жақтаушыларына қысым көрсетудікүшейткен. Бұған партия құжаттарын қабылдаған Әділет министрлігінің тікелейқатысы бар. Себебі партияға мүше адамдардың тізімін министрліктен өзге ешқандайорган білмейді.  

«Бізге соңғы үш күннен бері өңірлерден хабарлар келіпжатыр. Бастамашыл топ өкілдерінің үйіне полиция, жергілікті ішкі саясатқызметкерлері барып, сіздер Демпартияға не үшін қосылдыңыздар, не үшін қолдапжатырсыздар, кім сіздерден қол жинады деп, бұл билікке қарсы күш, ертең қысымболуы мүмкін, жұмыстарыңыздан айырылуларыңыз мүмкін деген сыңайда осындай қорқыту-үркітунауқаны жүріп жатыр… Біз биліктің осы іс-әрекеттеріне байланысты прокуратурағашағымданбақпыз. Әрине бұдан бір нәрсе өзгереді деп айту қиын. Өйткеніпрокуратура, әділет министрлігі, ҰҚК барлығы өзара байланыс арқылы жұмысістейді. Олардың барлығына бұйырық жоғарыдан түседі… Біз бірінші кезектеӘділет министрлігі мен министр Бекетаевты сотқа беретін боламыз. Себебібастамашыл топ мүшелерінің тізімі тек Әділет министрлігінде болған. Басқаоргандарға біз бұл тізімді берген жоқпыз», — деді Мамай.

Абзал Достияровтыңайтуынша, оның үйіне Алматы қаласындағы Алатау ауданының ішкі саясат бөлімініңқызметкерлері келген. Олар әйелі мен інісінен Демпартияны не үшінқолдайтындықтарын сұраған.

«Кеше менің отбасыма Алатау ауданы әкімдігінің ішкісаясат бөлімінің қызметкерлері келген. Ол кезде үйде аяғы ауыр әйелім мен інімғана болған. Олар бірінші кезекте мен туралы сұраған. Абзал Дострияровсіздердің кімдеріңіз болады, Демпартияны не үшін қолдадыңыз? дегн сұрақтарқойған. Телефон нөмірлерін жазып алып, хабарласамыз деген. Мен бұны қоқан-лоқыдеп есептеймін», — деді Достияров.

Фото автордікі.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега