Демпартия өкілдері прокуратураға барды
Бүгін ЖанболатМамай бастаған Демпартия өкілдері Алматы қалалық прокуратурасына барды.
Олар құзырлыорганға соңғы күндері партияның ұйымдастыру тобына жасалып жатқан қысымдарғабайланысты хат тапсырды.
Саясаткер ЖанболатМамайдың сөзінше, партияның құрылтайы өтетін уақыт жақындаған сайын билік тарапынанұйымдастырушыларға қысым жасау жиілеген.
«Ақпанның 12-інен бастап бізге Алматы қаласы жәнеоблысынан әртүрлі хабарлар келіп жатыр. Өйткені ең көп қол осы аймақтажиналған. Сол жақтардан адамдар хабарласып жатыр. Оларға әкімшілік, ішкі саясат,полиция қызметкерлері барып, сіздер демократиялық партияға қосылыпсыздар,бастамашыл топқа қол қойыпсыздар, бұл оппозициялық партия, ертең құрылтайларыболады, оған қатыспаңыздар деп, қорқытып қорқытып-үркітуде. Кейбіреулеріненқұрылтайға бармаймын, қатыспаймын деген сияқты қолхат алуда. Біз бұны тікелейқысым деп санаймыз. Бір мың адам қатысу қажет құрылтайға. Егер одан аз адам қатысатынболса, кворум болмайды. Яғни саяси партия құрылмайды деген сөз. Бұл биліктіңжасап жатқан арнайы қысымы. Өйткені 1122 адамның әр қайссының үйіне кем дегенде 2-3 адамнан келсе, 3 мыңнан асатам мемлекеттік қызметкерді осығанжұмылдыру керек. Бұл демократиялық партияға қарсы ұйымдастырылып отырған арнайыоперация деуге болады. Сондықтан бұны біз Конституцияға, заңға қайшы депсанаймыз және бүгін арнайы прокуратураға келіп отырмыз. Арнайы талап қоямыз.Осындай қысымды тоқтатсын. Егер Қазақстанда саяси партия құру қылмыс болатынболса, онда мен соған жауап беруге дайынмын», — деді Мамай.
Саясаткердіңайтуынша, осы күнге дейін билік тарапынан қысым көргендігін айтып, жүзге жуықадам хабарласқан. Олардың бірнешеуінің аты-жөні прокуратураға тапсырған арнайымәлімдеменің ішінде жазылған.
Алматы қаласындатұратын Демпартия бастамашыл тобын қолдаған белсенді Құлынбетов Ескендірдіңсөзінше, оның үйіне өзін әкімдік қызметкерімен деп таныстырған адам келіп,әйеліне «сіздің күйеуіңіз немен айналысады?», «ол саяси партияның құрамында барма?» деген сарындағы сұрақтар қойған.
«Жұма күні мен жоқ кезде үйге өзін әкімдік қызметкеріміндеп таныстырған адам келіп, «сіздің күйеуіңіз немен айналысады?», «саяси партияқұрамында бар ма?» деп сұраған. Әйелім қорыққаннан «ол ешқандай партияныңқұрамында жоқ» деп жауап берген», — дейді белсенді.
Бүгінгі жиынғаЕңбекші қазақ ауданынан келген Құралбаев Ермектің айтуынша, оның үйіне ауылдықучаскелік полиция қызметкері келіп, Демократиялық партияны қолдайтындығынрастайтын тіл хат жаздыртып алған.
«Ауылдық учаскелік полиция қызметкері келіп, сіздемократиялық партияға қолдау жасап жатыр екенсіз деді. Мен айттым, иә, бұлменің жеке шаруам. Қолдау жасайтыным рас. Қазіргі уақыт жастардың уақыты. Ендіелді жастар билесін дедім. Басқа артық әңгіме болған жоқ. Онда қолдайтыныңыздырастайтын тіл хат жазып беріңіз деді. Сосын қолдаймын деп тіл хат жазып бердім», — деді Құралбаев.
Фото автордікі.