Сараптама

Депутат Әбеновтің қарумен шетелдіктер ұсталды дегені жалған ақпарат болып шықты

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов әлеуметтік желіде Астанадағы «Хайвилл» тұрғын үй кешенінде түнде шетелдіктердің қарумен ұсталғанын жазған.

Мұрат Әбенов

Алайда полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ресми мәліметке сәйкес, күдікті жәшікті байқап, құқық қорғау органдарына хабарлаған тұрғынның дабылынан кейін тексеру жүргізілген.

Тексеру барысында жәшікте заманауи қару емес, тарихи және мәдени құндылығы бар антикварлық бұйымдар болғаны анықталды.

Елорда полициясы тұрғындарды сабыр сақтауға және расталмаған ақпаратты таратпауға шақырды.

Ал Назарбаев Университеті өкілдері бұл заттардың XV–XVIII ғасырларға тиесілі музейлік экспонаттар мен раритеттер екенін мәлімдеді. Сондай-ақ олардың иелері университет қызметкерлері немесе оқытушылары емес екені нақтыланды.

Сайт Әкімшілігі