Депутаттар дидарындағы дақ
Балға да төскебекер соғылмайды. Көптің көзіндежүрген, жастық жалыны жоғалған, қайраты кеміген, абыройын қайдам, айбыны азайған, күлшелі креслода жайғасқанбір топ депутатты «үй қамаққа» отырғызыпқойғаны ұят болды.
Нақ бір пайдаланумерзімі өтіп кеткен азық-түлік өнімдері секілді қоқысқа лақтырып тастамағанмен,қоймаға апарып қайта тығып қойғандай. «Сорласа өгіз сорлады, соқаның несі кетті?» демей-ақ қояйық, алтын етік те аяқ астында жатады екен. Ауыр тірліктің азабын тартып, қабырғаларықайысып жүргендерге енді күрең шайдысораптап отырып, кемпірлерімен кеңес құрып, немерелерін бағып-қағуға тамаша мүмкіндік туған сияқты. Шынында да, жасы жеткендерді жұмысқа жегіп,әлі күнге жетектеп жүргеніміз қайбір оңған тірлік дерсіз.
Парламенттің осындай осал тұсын көріп, шынындада ойланып қалғанымыз рас. «Жаман сырынайтамын деп, шынын айтады» демекші, депутаттардың деңгейі мен жасы, саны мен сапасы сынға түсті. Көптің көкейіне қонбайтын ала-құла тірліктерін мойындағандай болды. Заңдардың тармақтарымен тартысып, баптарыныңішек–қарның ақтарып, қалғып-мүлгіпотырғаны елге әуелден-ақ белгілі болғанымен, төтенше жағдай мен карантинніңкесірінен парламенттің бет-пердесі түгелдей сыпырылып түсіп қалды. Ақыл беретін жастан асып кеткендер көп екен.
Біздің парламент о баста батыл қадамдарға бара алатын болған. Кейін ғой, «көш жүре түзелмей» мінезсіз парламентке айналғаны. Қайтсың-ай енді, сыйынғанынан сүйенгені, қабілетіненқолдаушысы күшті кісілер төрге озып кетсе. Парламентті жасақтағандажаңылыспайды: сайлауға емес, таңдауғаиек артады. Бұрыңғылардың жаманы жоқ, бүгінгілердің жаманнан аманы жоқ, бірақамалы көп болып тұр ғой. Таңдап алыптізімге енгізіп, тағайындалғандепутаттар елге елеулі, халқына қалаулы қайдан болсын?! Айтқанға көне кетеді, айдағанға жүре береді. Шіркіндердің шат-шәлекейі шығып, шындықты айтып шырылдап жатқандарынкөрмейсің. Оның үстіне, депутат дөкейлердің түйеге мініп алыпжасырынбақ ойнайтындары тағы бар. Бәрін біледі, толық түсінеді, қауіптіқателіктерге жол беріліп жатқанын көріп тұрғанымен, жұмған ауыздарынашпайды. Былайғы жұрт «қайтсін-ай,айтқызбасы айтқызбаса» деп іштен тыныпжүре береді. Біздің биліккебасынатыңдардан гөрі, бағыныштыларәлдеқайда тиімді екенін аңғару қиын емес.
Заң да заманынабағынышты. Кешегі кеңес заманыныңдепутаттарын көре қалдық. Компартияқатал сүзгіден өткізіп, партия талабына қарсы келмейтін, тәртіпкебағынатындарды жіпке тізіп, депутаттаркорпусына қосып қоятын. Айта кетейік, араларыңда аса қарапайым, адал, еңбекқоржандар өте көп болатын. Олар жылына екірет алып-ұшып Алматыға келіп аунап-қунап, ойнап-күліп дегендей сессия төріндеотырып алдын-ала дайындалып қойылған заң – қаулыларға қолдарын көтеріп-көтеріп жіберіп, ауылдарынақайта оралатын.
Бүгінгі депутаттар да Ақорданыңқұпия тізімімен іріктеліп, сұрыпталады. Ешқашан үкіметке, президентке қарсы келмейтін кілеңқалталыларды парламент партасына отырғызып қояды. Ақорда оларға «Емдің бе, маңырама!» деп талап қояды. Ел өміріне қатысты өткір пікірайтуға, таласуға, тартысуға болмайды. Бір қызығы, қоғамның аса беделді өкілдері – бұрыңғылары да, қазіргі депутаттар да жеке басы ешқашан ештеңеге жауап бермейді. Олардың қарапайым халықтың түсіне де кірмейтін қиял — ғажайып дүниедеөмір сүріп жатқандарын айтпай-ақ қояйық. «Халық қалаулысы» деген сөз архаизмге айналып барады. Халық қалауымен емес биліктің тапсырмасымен есім-сойын ел білмейтін әлдебір қалтасы қалыңмагнат, құдіреті күшті монстр «заочно»сайлаудан өтіп депутат болып жатады. Осыдан кейін қарапайым халықтың өкпесі қара қазандайболмағанда қайтсің–ай. Қауашағымызға бірой келеді: «үй қамақты» ойлап тапқандарына қарағанда, Кеңес Одағы кезіндегі депутат пен бүгінгідепутаттың арасында айтарлықтайайырмашылық жоқ сияқты.
Бір көкеміз 4-5 жыл парламент төрінде отырып,«экс» болып елге оралған сон жиірек жүздесетін болдық. Орайы келген әңгіме үстінде сұрағанымыз бар: «Ана бір жылы парламентте қаралып, көліктерге қосымша орындық қойып жолаушылар тасымалдауға міндеттейтінзаңдарыңыз көптің көңілінен шыға қоймады-ау, сірә» деп. Сонда ол: «Ә, сондай да заң шыққан ба еді?» деп өзімізге таңырқай қарағаны бар. Қалғып-мүлгіп отыратын депутаттараста-төк, аш ішектей созылған, көп заңдардың қайсы бірін біле берсін депбіз де үнсіз қалдық.
МахамбетСАПАРМҰРАТОВ,
білімберу ісінің құрметті қызметкері,
Жетісайауданы,
Түркістаноблысы