Саясат

Депутаттар өз жұмыстарын жарнамалауға бюджеттен 460 млн теңге бөлуді ұсынды

Сенат өз жұмысынБАҚ беттерінде жарнамалау үшін бюджеттен 460 миллион теңге бөлуді ұсынды.

Jasalash.kz

Бұлжөнінде informburo.kzбасылымы хабарлады.

Парламент Сенаты 2020-2022жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгертулер енгізуді ұсынып,Мәжіліске қайтарды. Жаңадан енгізілген өзгертулер бойынша, бюджетке қосымша40,8 миллиард теңге бөлу қарастырылған. Оның 15 миллиарды 2020 жылғажоспарланған. Сенат қаулысына сәйкес, қосымша қаражат бюджеттің өзгесалаларынан алынатын болады. Енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды Мәжілісмақұлдауы тиіс.

Бұдан бөлек,депутаттар «Сенат жұмысын БАҚ беттерінде насихаттауға қосымша 460, 5 миллионтеңге бөлуді» ұсынды. Бұған қосы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі арқылы «Евразия»телеарнасына қосымша 1 миллиард теңге бөлу жөнінде ұсыныс айтылды. Ондағымақсат арнадағы бағдарламаларды одан ары дамыту және мемлекеттік тілдегіжобалар санын арттыру. 

Фото: sputniknews.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега