Дерт жұқтырған дәрігердің айтқаны шындық болып шықты
Меркі аудандық ауруханасының медициналық персоналынакоронавирусқа қарсы қорғаныс құралдары берілмегені расталды.
Бұл туралы «Жас Алашқа» «Nur Otan» партиясының баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін біздің Жамбылдағы тілшімізге коронавирус жұқтырған дәрігер Толқынай Ордабаева Меркі ауданындағыаурухана басшылығының қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етпегенін, маскалартіккізіп, артық жұмысқа жеккенін айтып шағымданған болатын.
Бүгін,9 сәуірде осыжағдайға байланысты «Nur Otan» баспасөз қызметіпартиялық комиссия өз тексеруін өткізгенін хабарлады.
«Әлеуметтікжелілердегі өтініштерге мониторинг жүргізу барысында келесі жәйттаранықталды. Дәрігер-инфекционист Толқынай Ордабаева өзінің жеке паракшасындаЖамбыл облысы Меркі аудандық орталық ауруханасының басшылығы тарапынан жолберілген құқық бұзушылықтар туралы пост жазды. Осы бойынша Партиялық бақылаукомиссиясы тарапынан партиялық тексеру жүргізіліп, нәтижесінде көрсетілгенфактілер расталды»,-деді партияның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ хабарламада жазылғандай, Меркі аудандықорталық ауруханасының әкімшілігі медициналық қызметкерге олардың лауазымдықміндеттеріне кірмесе де, өздеріне маска тігуге мәжбүрлеген. Сондай-ақ жұмыстамаскалар мен қорғаныс құралдары берілмеген.
«Осыған байланысты аудандық аурухананың бас дәрігерініңміндетін атқарушы Данияр Үсіпбеков пен денсаулық сақтау саласына жетекшілікететін аудан әкімінің орынбасары Марат Қасым партиялық жауапкершіліккетартылды. Аудан және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығына алдағыуақытта осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеу және өз міндеттерін тиістідеңгейде орындау керектігі туралы ескертілді»,-деді «Nur Otan» партиясыныңбаспасөз қызметі.