Дипломатиядағы жылы ишара: Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентімен түскен суретін бөлісті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісінде Режеп Тайип Ердоғанмен түскен ортақ суретін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Суретте екі ел басшысы Астанадағы президент резиденциясында жылы әрі достық атмосферада әңгімелесіп отырған сәтте бейнеленген.
«Қымбатты бауырым Режеп Тайип Ердоғанмен резиденциямдағы жылы әрі шынайы әңгіменің бір сәті. Астана. 13 мамыр», – деп жазды Қазақстан Президенті.
Жарияланым әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Қазақстандықтар мен түркиялықтар суреттегі ерекше жылылықты атап өтіп, екі ел арасындағы бауырластық қарым-қатынасқа жоғары баға берген.
Пікірлерде: — «Қандай керемет кадр — нағыз бауырластық пен жылулық», — «Түрік халқымен бауырластығымыз мәңгі болсын»,
— «Өте жылы фото… Бір шаңырақ астындағы бауырлас халықтардың кездесуі. Түркі елдері әрдайым бірлікте болсын»,
— «Бірлігіміз бен бауырластығымыз мәңгі жасасын», – деп жазған қолданушылар.
Фото Астанадағы президент резиденциясында екі ел лидерлерінің бейресми әңгімесі кезінде түсірілген.