Доллар тағы қымбаттай бастады
Қазақстанда доллар бағамы жоғарылады, — деп хабарлайды «Жас Алаш» KASE мәліметтеріне сілтеме жасап.
12 қазанда таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 427,70 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 429,38 теңгеден сатылса, Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында доллар 428,94 теңгеден сатылып жатыр.