Дональд Трамп Конституцияға қарамастан үшінші мерзімге президент болуға ниетті
АҚШ президенті Дональд Трамп Айова штатында сөйлеген сөзінде 2020 жылғы сайлауда бұрмалаушылық болды деген уәжін қайталап, қайтадан президенттікке түсуге құқығы бар екенін айтты.
Бұл туралы CNN хабарлады.
"Менің ойымша, қайтадан сайлауға түсуге құқығым бар. Өйткені олар сайлауда алаяқтық жасады", – деді Трамп.
Айта кетейік, АҚШ Конституциясына сәйкес, бір адам президент болып екі реттен артық сайлана алмайды. Ал 2020 жылғы сайлауда нәтижеге әсер ете алатын ауқымды заңбұзушылықтар болғанын растайтын дәлелдер ұсынылмаған.