Саясат

Дональд Трамп тағы бір соғысты тоқтатты

Малайзияның астанасы Куала-Лумпурда АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен Камбоджа мен Таиланд арасындағы бейбіт келісімге қол қойылды.

Фото: скриншот

Құжат екі ел арасындағы шекара маңындағы ұзақ жылдар бойы жалғасқан қақтығыстарды тоқтатуды көздейді. Келісімге сәйкес, тараптар бірлескен бақылау аймағын құрып, әскерді кезең-кезеңімен шегіндіру туралы уағдаласты. Бұдан бөлек, сауда мен инфрақұрылым саласындағы әріптестікті кеңейтуге бағытталған қосымша хаттама қабылданды.

Дональд Трамп бұл келісімді «Оңтүстік-Шығыс Азиядағы бейбітшілікті қамтамасыз етудегі тарихи жетістік» деп бағалады.

Сайт Әкімшілігі