2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні
Қоғам

ДСМ коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады.

Фото: ашық дереккөз

Ведомство өкілдерінің сөзінше, «Коронавирус өршіді, ауруханаларда орын жоқ, науқастар өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды» деп желіде тараған ақпарат жалған.

Министрлік халықты ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырып отыр. Себебі «Елдегі инфекциялық жағдай жіті бақылауда», - дейді.

«Биыл жыл басталғалы бері республика бойынша 1356 адамнан COVID-19 анықталған. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8 есе аз. Алматыда да жағдай тұрақты. Қаланың жұқпалы аурулар ауруханаларында қазір төрт ересек науқас емделіп жатыр. Балалар арасында ауру тіркелген жоқ», - деп жазылған хабарламада.

Nazym Sapar
Тегтер: коронавирус