Қоғам

Дулат Ағаділдің ұлын өлтіріп кетті

Марқұм, қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің ұлы пышақ жарақаты салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Zhasalash.kz Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Jasalash.kz

            Полицияға 10 қараша күні сағат 22:56-да Көктал ықшамауданындағы Болашақ көшесіндегі жаппай төбелес жайлы ақпарат келіп түскен.

            Қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Эльмира Шауленованың мәліметінде: «қызметкерлер келген кезде жастар тобы арасында жанжал анықталды. Нәтижесінде екі адам жарақат алды. Олардың бірі – 17 жастағы Жанболат Ағаділов пышақ жарақатынан көз жұмды», – делінген.

            Құқық қорғау органдары ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда жанжалға қатысқандар іздестірілу үстінде. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

           

Айжан Бүркітбаева
Тегтер: Без Тега