Дулат Ағаділдің ұлының өлімі: күдіктілер ұсталды
ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов Жанболат Ағаділдің өліміне қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, күдіктілер ұсталды.
«2020 жылдың 10 қарашасында Нұр-Сұлтандағы Көктал шағын ауданында төбелес болды. Нәтижесінде пышақ жарақатынан 17 жастағы Жанболат Ағаділ көз жұмды. Жедел-тергеу тобы ЖШС жұмысшылары мен Талапкер кентінің жастары арасында қақтығыс болғанын анықтады. Нәтижесінде Ақмола облысының Талапкер кентінен Көктал шағын ауданына 20 адам келіп, кәсіпорынның жас қызметкерлері тұратын жерге келген», — деді Санжар Әділов.