Думан Терлікбаев: Қасиетті ойын
1. Көршібөлмеден шыққан қырылдаған қоңыр дауыс түнгі ұйқыны бұзады. «Тыныштұр» депбұйырады директорымыз, он үш жастағы Фархат есімді қара-торы балаға.
Ол жақтане боп жатқанын ешкім білмейді. Бізді ұйықтады-ау дегенде директор қатар жатқантөсектерді бір шолып шығады да Фархатты оятып алып кетеді. Ол таң ата төсеккеаяқтары дірілдей келіп жатып, қыстыға жылайды. Ертесінде ештеңе болмағандайұйқысы қанбаған түрімен теңселіп жүре береді. Ешкімге тіл қатпайды, а депауызын ашпайды. Аурушаң деп, оған жан баласы мән бермейді. Бұл мен паналайтынжетімдер үйінің күнделікті тіршілігі.
Жетімдерүйіне қалай тап болғанымды білмеймін. Әке-шешем де есімде жоқ. Кейде анамныңбейнесі ойыма еміс-еміс оралады. Ол мені ағаш жайқалып тұрған бақтағыорындықтардың біріне отырғызады да өзі асығыс кетіп бара жатады. Сосын артынабұрылып жалт қарайды, сол кезде көзінде бір жалын жарқ етіп, ғайып болады.Тербелген ұзын қара шашы… Тіп-тік денесі… Жалп еткен жеңіл пальтосының етегі…Маған сондай анық, сондай таныс көрінеді. Бұл– анамды соңғы әрі жалғызкөргенім. Көрмегенде шығармын, ал бұл менің бала қиялымның жемісі болар.
Таң.Сарғайған жапырақтарды жел ақырын қозғап, күздің алғашқы нышаны байқалады.Көзді тырнап ашып, таңғы астың ырымын жасаған соң, біздің үйдің жиегімен бостеңселіп келемін. Бүгін жексенбі, сондықтан жұмысқа бармадым. Жаңбырдыңұсақ-ұсақ тамшылары ақырын себелейді. Жанымыздағы бақтың бір орындығында Фархат тербеліп отыр. Күжірейіпәлдене ойлайтындай. Ұзақ бақсаңыз, анда-санда күрсініп қоятынын байқайтынедіңіз. Аяңдай қасына бардым. Фархат маған солғын көз тастады да, қайтаданалысқа қарады. Мен қалтамдағы кішкентай кітабымды алып, оқи бастадым.
— Күзкелді, — дедіФархат біраздан соң, өзіне-өзіайтқандай болып. Мен қарағанда ақырын соққан желге жүзін тосып отыр екен. Оныңдауысын есту бізге бұйра бермейтіндіктен, алғашында біраз аңырып қалдым да, -иә, -дедімсосын, — күреңкүз… Ол ауаны терең жұтты да күрсінгендей болып, сарғайған жапырақтарға мәнсізмеңірейіп отыра берді. Қалтамнан шылымды шығарғанда Фархат шылым қорабынасамарқау көз тастады да, бір данасын сұрады. Сұрағанын ұсынып, тұтатып бердім.
Түсауа базардың адам аяғы сирек аймағындағы жеңілтек қыздар тұратын бұрышынабардым. Майра мені көргенінде соғыстан күйеуін күте сарғайған ересек әйелшеқарады да, күлімдеді.
— Демалығымкеліп тұр. Жасы он сегізге жаңа толса да әр-түрлі жұмыстан қатып қалғансаусақтарымен мені жетелеп ішкі, тар бөлмеге алып келді. Шетте жалғыз төсек пенүстелғана. Кеудесін шешіп жіберіп, тізерлеп отыра кетті…
Кетіпбара жатқанда, сығырайған жарықтан шеті көрініп тұрған үстелге ақшасын қоясалып, аяңдадым. Есікке жақындағанда Майраға бір көз тастадым. Ол үйі өртенгенжандай, жасаураған жанармен көзін есікке қадаған күйі қала берді. Менің бұлбөлмеде бар жоғымды білмейтін де секілді. Сыртта әлі кеш бата қоймапты. Желсоғып, дауылдың келе жатқанын білдіріп тұр. Онысын сезген жұрт тез-тез асыға,илеуіне жүгіргенқұмырысқадай жолды кес-кестей, бір-біріне соқтығысып жатыр.Елдің абдырап, жаңбырлы дауылданқашқанына пысқырып та қарамай, өзінің жеке әлемінде қалың қабақты кемпір сүтөнімдерін сатып отыр. Жанында тұрған сүт құйылған құмыраларға көзім түскенінде,алдынан өткен адамдарға жаутаңдай қараған кішкентай марғауды көрдім. Мияулап,қарны ашқандай көрінді. Тек дауысын еститін жан жоқ. Жан тәнімен айқайласа да,шыңғырса да адамдар тас керең боп құлақтарын жауып алғандай, мән деберместей… Солай емес пе, қоғам ешқашанжан дауысыңды естімейді. Жүні умаждалып, кірленіп қалған мысықты қолыма алып,құшағыма қысқанымда бейшара мақұлық денемнің ыстығын сезсе керек, пырылдап салаберді. "Өзіміз өмірден баз кешсек те, басқаны бақытты қыла аламыз" дедімішімнен елжірей. Қойныма қысқан күйімде сол марғауды жетімдер үйіне алып келдімде, төсектің астына жасырдым. Бұл жердің заңы бойынша жануарлар алып келугеболмайтындықтан, оны ит құсатып байладым. Кешкі астан қалтама салып бірдемелералып кеп бердім. Алғашында мияуламай тыныш жатқанын көргенде, қарны тойса үніншығармас деп үміттендім.
2.
— Ишақтызорлап… — ол өз күлкісіне шашалып, сөйлей алмай жатыр. Иесікөріп қойып сотқа беріп жіберіпті. Полиция ұстап алыпкеткен екен, сөйтсе әлгі жұмысын істетіп жатқан адам арттарынан барып:"Әкеңнің, айтсаңдар апарамын ғой, апаратын жерге!"- деген екен,- дептағы да қарқылдап күлді. Айналасындағы адамдар да ішек сілесі қатып күліпжатыр. — Ишақтыңиесі, — дедікүлкі арасында,- арызын алмай қойған екен. Бұл менімен бірге жұмыс істейтінәңгімешіл -Ермек.Ауылдан қалаға жаңа келіп қара жұмысқа кірісіп кеткен. Біз ересек балалартоғызыншы сыныптан соң мектепті тастап жұмысқы шығамыз. Менің жасым он алтыда.Сондықтан қара жұмыстарға жарап қалғам. Жетімдер үйінің директорына күніне бесжүз теңгеден өткізіп тұруымыз керек. Болмаса балалардың ішіндегі ең үлкеніДарханды бізге айдап салады. Ол жанындағы нөкерлерін ертіп келіп, ақша бермегенбаланы итше талап, күн көрсетпей, басына әңгір таяқ ойнатады. Он үш жасқатолғандардан ақша өткізбейтін жаңағы Дархан мен Фархат. Қалғанының бәрі жұмысіздеп кетеді. Бірі базарда, бірі басқа жақта. Кешке жұмыстан шығып, мысықтың жағдайын ойлап үйге асықтым. Келіптөсектің астына көз салсам, мысық орнында жоқ. Жүрегім қылт етіп, біржамандықты сезе қойды. Басқа тапса жақсы, оны жай ғана көшеге жібере салар еді.Ал директордың ауыз жаласқан бас кесерлері тапса олар оны аямайды. Жетімдерүйінің тәрбиесін қадағалаған болып, әркімді бір зәбірлеп, шаш ал десе басалатын әдеттері. Сонымен, мысықты іздеп жан-жақты аралап көрдім. Еш жерде жоқ.Көрші төсектің бірінде жататын Қалиды көріп қап, ақырын тамырын басып сұрапкөрдім. Ол маған мөлдірей көз салды да, аула сыртындағы арықты нұсқады. Жүгіріпбарып, арықты жағаладым. Мысықтың денесі ғана мыжғыланып жатыр екен. Басы…Құсқым келіп кетті. Құлағым шыңылдап сала берді. Басын таспен ұрса керек, адамайтып жеткізе алмайтын қорқынышты күйде.
Дәретханажақта нөкерлерімен жиналып тұрған Дарханға бардым. Ол маған аса жиіркеніштімысқылмен қарап тұр.
— Негеөлтірдің? — деймін тістеніп.
— Заңдыбұздың! — дейді ол аса сабырлықпен. Мені көзге ілмей тұрғандай, менсінбегендей.
— Айуансың! — дедім ашудан қалшылдап.
— Жүйеніұмыттың ба? Есіңе салайын ба? — деп ақырды да, жанындағы Сашаесімді балаға көзбен ымдады. Көзін құрт дегендей. Сашасы маған жұдырығын сілтейбергенде еңкейіп қап, солақаймен өзін періп жібердім. Дарханның өзіне ұмтылабергенде қайсысының қолы тигенін байқамадым, бір жуан жұдырық ұшып кеп көзіметигенде сұлқ құладым. Есімді жиғанымда Фрхат қасымда отыр екен. Үндемейді.Оянғанымды көріп бөлмеден шығып кетті.
Түн.Ұйқысыздықтың үстіне тағы да көрші бөлмедегі ахілеп-үхілеген дыбыстар қосылды.Біраз уақыттан соң, есігі ашылып, сол бөлменің жарығы жер сипағандай бізгеәлсін түсіп, ішінен Фархат иығы солқ-солқ ете шықты. Келді де жатып қалды.Директор кекірініп, аяғын сүйрете басып, жуан саусақтарымен есікті ашты дашығып кетті. Фархат иегін жастығына тығып, етбетінен жатыр. Терезеден түскен айжарығынан жанарының мөлтілдеген жасы көрінеді. Марғаудың өліміне бар адамзатпен әлемді кіналап, қайырымсыздығына налып жатқанда, аузымнан қалай«Фархат?»деген сөздің шығып кеткенін аңдамай қалдым. Өз дауысымнанөзім сескендім. Ол үндемесе де басын бұрды.
— Негетөзіп жүре бересің? — дедімкектене, — бұғаннүкте қою керек. Жасың он үште ғой, кеудеңде жаның бар, тойтарыс беруге шамаңкеледі! Ол үндемейді. Мен де жауап алуға қатты үміттенбеген ем. Көзім ілініпбара жатқанда оның әлсіз дауысы шықты.
— Шешемөліп қалып, мені арғы дүниеде күтіп жүрген болар…
— Недедің?
— Әлімкелмейді. Қауқарым жетпейді.
— Келеді! — дедіммен, — шамамызкеледі. Ол мырс етті.
— Көзіңді ашып қарамайсың ба! — деді сосын ол аса қатқылдауыспен. Оның мұндай дауысын алғаш естуім.- Кім маған жақтасып, тірегім болмақ? Кім? Әкем бе,шешем бе? А, ұмытып кетіппін ғой, олар бізде жоқ. Әлде сен бе? Сен өзің жетісіпжүргенің шамалы. Бізде ешкім жоқ, ұқтың ба?! Біз жетімдерміз. Басты заңымыздыұмыттың ба: "Әркім өзі үшін!«деген. Ол басын жастықтың астына тығыпалып, солқылдап жылай бастады. „Әркім өзі үшін… Жо-жоқ, мен көмектесемін,қара да тұр!..“деп ішімнен күбірлеп жатып ұйықтап кеттім.
Келесітүні, Фархатты директор тағы алып кеткен соң, темір төсекті шықырлата тұрдымда, асхананың есігін аштым. Шелектеп құйып жатқан нөсерді асхананың кеңтерезесінен көрдім. Санам тұманданғандай. Аяғымды сүйрете басып үстелүстіндегі үлкен пышақты алдым. Қолыммен қыса ұстап Фархат пен директор бар бөлмегекірдім. Директор мас болса керек, күжірейген арқасын есікке бере, алдынаФархатты отырғызып, бірдеңелерді күбірлеп сөйлейді. »… Менітүсінбейді бәрі-бір…«деп жатқанын жақындағанымда естіп қалдым. Мені көріпФархаттың көзі шарасынан шыға жаздады. Тесіле қарағанын директор байқамасындеп, қолымды мұрныма тақай „тыныш “деген белгі бердім. Ол қолдарынФархаттың киіміне тигізе бастағанда пышақты бүйрегіне тығып жібердім. Жұмсақбірдемеге сұққандай пышақ лып етіп кіріп кетті. Әлгі „А!“деп үлгергенжоқ, шапшаң қимылмен пышақты суырыпалдым да, басын қысып ұстай қап, мойнынан пышақтың жүзімен осып жібердім.Тамағынан аққан қан Фархаттың денесінеде шашырап кетті. Көз алдымда қалғаны оның қатпар-қатпар желкесі ғана… Арадажарым сағат өтті, оның жансыз денесі жарбиып бөлменің қақ ортасында жатыр,Фархат екі тізесін құшақтап бұрышқа тығылып алған. Менің екі иығым салбырағанкүйі орынмнан қозғала алмай тұрмын. Жаңбыр тоқтамай құйып жатыр, құйып жатыр…
3.
Бұныңбәрі түнгі бірдің айналасында болған екен. Екі сағаттан соң, құжаттармды алып,киімдерімді жинай торы сынып қалған терезеден шығып бара жаттым. Жаңбыр тоқтап,жер мен ағаш жапырақтары ылғалды боп тұр. Мен кеткенде Фархат өлі денеден көзіналмай, қадала қарап отыр еді… Даланың салқын ауасы денемді тітіркендіріпжіберді. Айналып кеп, жетімдер үйініңтерезесінен ұзақ қарап тұрдым да, бір күрсініп, жүріп кеттім. Қалада адам аяғы сиреген. Тек алдымда екіжолаушы әлденені сөз қып кетіп барады. Пальто кигені жанындағысына бір романныңстилін әңгімелеп келеді. Мас секілді, арасында екеуі күліп қояды. Жолдаржетімденгендей көлік тым аз, бағдаршамдар өзімен-өзі ғана, қызыл, сары, жасылтүстері кезек-кезек жанады. Қала ұйқыда. Қарным ашып, ұйқы қысты да, жолбойындағы орындыққа келіп, басыма сөмкемді жастадым да, жатып қалдым. Таң атаадамдар шуылынан оянып кеттім. Қарным ашқаны бірден білініп, жанымдағыасханаларды жағалай бастадым. Самса сататын орындар енді ашылып, қазір кешеденқалған дүниелерін сатып жатыр. Сондай жерге барып екі самса жеп алған соң,сантехник бастығыма хабарласып, бүгін жұмысқа шыға алмайтынымды айттым.
Қаланыңескі аудандарының жанынан жертөле іздеп келемін. Үйсіз адамдар ұйықтайтынжерлер осы жақта кездесетін. Біразға дейін қаңғып, мәнсіз жер таптай бергенсоң, күн кештете бастағанда, жертөлеге апаратын есіктің ашық тұрғаны көзімеоттай басылды. Жақындап келіп, жан-жағыма бір қарап алып, ішіне кірдім. Біріншісезгенім, салқын әрі тұрып қалған ауа мен қолқаны қапқан нәжістің иісі.Әлдекімдердің панасы болса керек, ұйпа-тұйпа киім-кешек сол жақ бұрышта жатыр.Оң жақтағы бұрышқа барып, мына жерді жатырқап біраз отырған соң, сөмкемдегікиімдерімді астыма төсеп, жата кеттім. Қанша уақыт жатқанымды білмеймін, көзімілінгенде арқамнан біреу түртті. „Әй!“- деді сосын,сыр-сыр еткен тамағын кенеп қойып. Оянып кетіп, артыма бұрылсам, шал тұр.
— Кімсіңей? — дейді ол мені жақтырмай. Жасы алпысты алқымдаса керек, я күтімі жоқ жүзіненсолай көрінді ме?..
— Мен…Ержанмын, — дедімнеге өтірік айтқанымды өзімде білмей.
— Неғыпжүрсің?- дейді тамағында қақырығы тұрғандай қырылдап.
— Кешіріңіз, — дедімдауысым дірілдеп, — ұзақ тұрақтамаймын. Бір түн қонып шықсам болды. Ол менің сөздеріме мән бермегендей,ақымақ жүзімен бетіме бадырайып қарап қалды да,
— Бірдеңеңбар ма?- деді түсіп қалған тістерінің жалаң орынын көрсетіп. Не сұрап тұрғанынтүсінбей түріне аңырып қарап қалғанымды сезіп, — тіске басар! — деді қыр-қыр етіп. Сөмкеме сап алған дорбадағы самсаны ұсындым. Самсаны алыпқойды да, өзі сыртқа шығып кетті. Кейін қолтығына күшігін қыстырып қайта кірді.Өзінің жататын жеріне барып самсаны күшікке жегізді. Күшіктің басынан бастап,денесінің соңына дейін сипап шықты. „Ә-ә, қарның ашты ма, же, же“- дейдіарасында.
Сасықиіске етім үйренді ме, не ол иіс шынымен кетейін деді ме, әйтеуір сезбейіндедім. Мұрныма басып жатқан матамды қоя салып, ұйқыға кеттім. Қараңғы әрі сызжертөледегі ұйқыма көршіммен күшігінің әңгімесі кедергі бола берді. „Даласалқындап барады, қай жерге барып жан бағасың?“- деп сұрайды үйсіз екіаяқты пенде, төрт аяқтыдан. Күшіктен жауап болмаса да, ықыласпен тыңдағандайболған адам, „Әй, мен өзіме бірдеңе табармын, сені уайымдапотырғаным…“ деп ренжігендей үн қатады. „Бүгін не істедің? Мен бе,мен? Қызық болғанда, түсте қайыр тілеп отырғанымда саған ұқсайтын күшік көрдім.Бірден есіме түсіп кеттің. Бейшара, не істеп жатыр екен деп ойладым. Қазірадамдар бұрынғыдай еме-ес… Сандары әлде қайда көп, бірақ сапасы нөл. Мағанкөздері алайып қарайды. Екеуміз үйсіз екі бейбақ болдық қой… Осынша алып шаһарда бәрі жалғыз, бәріжалғыздықтың зардабын көріп жүр. Мысалы, мен ешкімнің алдында ашылып сөйлейалмаймын. Ішімдегін айтып қойсам, сол адамның алдында өзімді киімсіз жалаңаштұрғандай сезінемін. Осал жандай қиналамын…“ деп сөйлесіп отыр. Таңғадейін ұйықтай алмадым, тыпыршып шықтым. Таңертең суықтан сілкініп, тәнім тітіркеніп, әлемгедеген аса бір жиіркенішпен орнымнан қоғалдым. Жұмысқа барып, бастығыммен жалақыны көтеру туралы сөйлесіп қайттым.Пәтер жалдауға жетер, тым болмаса паналайтын жаман тауық күрке болса да болады.Жарты жалақымды алдым да, қала шетінен пәтер таптым. Егер жолыңыз түсіп ішінекіріп қалсаңыз көзіңізге бірінші қарсы қабырғадағы ескі терезе түсер еді.Алдында тырайып-тырайып шыбындар жатар. Кешкікүн нұрының сәл ғана жарығы сығалай кеп, түседі. Терезе астында кішкентай үстелтұр. Жанандажалғыз орындығы бар. Ең жақсысы — бөлме ішінде өлі тыныштық.Көрпе жастық сол жерде бар екен. Кішігірім газы да бар. Болды. Маған осы да жетеді.
4.
Күндерімбір-бірінен айнымай, қалыпқа салып қойғандай қайталанып жатыр. Таңертең жұмысқакетемін, кешке келемін де асымды ішіп, кітап оқимын. Терезенің алдындағы жалғызқоңыр стөлге отырып күнделік жазамын. Сосын, жерге шалқамнан жата кетіп, көзалмай үйдің үстіне қараймын да жатамын. Ұйқым түнгі екіден асқанда ғана келеді.Оған дейін әр-түрлі ойлар мені паршалап бөліп, есімді аудыра жаздайды. Кейдетіпті шынымен жынданғандай боламын. Түсім мен өңім шатасып, директордыңжұлынған басын көретінді шығардым. Мен ұйқыда жатамын, түн. Директор ақырыпмені өзіне шақырады. Оянып кетіп, терезенің алдында тұрған басты ғана көремін.Тілім байланады да қалады. Желкесінде тұрып, мойнынан пышақпен кескенім көзалдымнан кетпейді. Әр сенбі күні сыраханаға барып келемін де, жексенбікофеханаға барамын. Сол екі күнде ғана бәрін ұмытуға болады. Қатар тұрған көршіпәтерлерде де бейбақтар тұратын секілді. Бәрі жалғыз. Бәрі терең ойда жүреді.Тек, бір шала молда, өлең қоспаңдар деп пәтерден пәтерге безіп, жынды көбелектейсандалады. „Өлең тыңдамаңдар, ол харам“-дейді безек қағып. Айтыпжатқанына ешкім зер салып тыңдамайды. Ал егер тыңдай қалса, әлгі, тұтығып, көзіот шашып, сөздерін шатастырып, дін жайында түсіндіре бастайды. Кейін білдім,біз жақты басқалар «Дурной квадрат» деп атайды екен.Өңшең қиялилар мен жолы болмаған сормаңдайлар жиналыпты-мыс.
Алдынкүні газет сатып алып, директордың өлімі жайында не деп жатқандарын білгімкелді. »… Директорының он үш жасар баланы зорлап келгені анықталды. Балаөшін алу үшін өлтірген болуы мүмкін. Алайда полиция қызметкерлері мәйіттіңқасынан табылған баланың аузынан сөз шығара алмаған. Жеткіншектің психикалықауытқуы бар екені анықталды…«деп жазылыпты. „Директордың бақилықболған түні жетімдер үйінен бір баланың қашып кеткені де анықталды. Полиция,іске қатысы болуы мүмкін деген оймен ол баланы іздестіру үстінде» дептікейінгі газеттерде. Бірақ басқа да балалар бар ғой, олар не деді екен? Газеттегі ақпаратқа қарағанда ешкім де, а депаузын ашпаса керек. Барлығы директорды кім өлтіргенін топшаласа да, іштентынған ғой. Себебі біз ес білгелі миымызға құйылған тәртіп: ештеңеге араласпау,сөз жеткізбеу, әркім өзін ғана ойлау. Осы сөздердің қанымызға сіңгені сонша,басқаша ойлап көрудің өзі қате, тіпті мүмкін емес қылмыс секілді көрінетін.Сондықтан да бұл оқиағаға балалардың барлығы бейжай, самарқау қарап,салқынқандылық танытатынына сенімдімін.
Автобусқаміндім. Әдеттегідей адам саны тым көп. Егер де бойыңыз менікі секілді аласаболса, және ортада қалып қойсаңыз, жүрегіңіз қысылып, дем жетпей қалуы мүмкін.Өзім соны талай бастан кешірдім. Анау бір күні солай қысылып тұрғанымда есікжақтан бір әйел баж ете қалды.
— Тартқолыңды, ит ұры, қайыршы! — депайқайлап жатыр. Біреуді ұрлық үстінде ұстап алса керек.
— Өзіңқайыршы, қалтаңда бір тиын жоқ! — деді еркектің дауысы гүр ететүсіп. Жұрт ду етіп күлді. Бұл күлкінің астында ащы кек жатқандай, кекесін,қорланған адамның зары бардай. Маған солай көрінді ме? Әйтеуір ұры деп түстепқойған адамды келесі аялдамадан түсіріп жібердік. Бірақ жаңағы әйелбіразға дейін бұрқылдап тұрды. “Еркектер әлсіз ғой, маңқ еткізсе мұрнынансап тыйылар еді!»- дейді ызадан қалшылдап.
Неүшін, кім үшін өмір сүріп жатқанымды білмеймін. Кейде кеудемде бос кеңістікпайда болып жанымды қинайтыны сонша, кірерге тесік таппай кетемін. Өлгімкелгендей, бірақ суицидке барғым келмейді. Өлімнен де мән кетті. Кітап та оқиалмай қаламын. Жаза да алмаймын. Ештеңеге қауқарым, құштарлығым жоқ. Аспанғақарап жатамын да қоямын. Бірақ ол кезде де жаным тынышталмайды. Себебі бос өтіпжатқан уақытқа ішім күйеді. Полиция да менің ізіме жақсылап түскен секілді.Соңғы кезде жұмысқа барып келуім қиындап, көшеге шығудан да қалдым. Көшедетексерістер жиілеп кетті. Анау күні әрең құтылдым. "Өлсем өлейін, уланғанөмірімде мағына қалмады, бірақ полицияға ұсталмаспын" деп оқыған химиялықкітаптардан алған біліміммен өз қолыммен у жасап қойдым. Бәлкім, басқа жаққакетермін… Жүргенге жөргем ілінеді демей ме, әйтеуір, өлмеспін.
Кешкікөшедегі шалшықтардан аттап басып үйге келе жатырмын. Қиылыстан өте бергенде,жолдың оң жағынан полицияның сирена дауысы шиқылдап сала берді. "Қаракүртедегі жігіт, тоқтаңыз!"-деді дауыс үдеткішімен полиция, көлік ішіндеотырып. Алғашында естімегендей өтіп кеттім де, артынан жүгірдім. «Пәтергежетіп үлгерсем болды!.. Пәтерге жетсем…»
Үйдіңесігін іштен ілдім де, сөрелерді төңкеріп уды тауып алдым. Бірден суғаараластырып жіберіп, есіктің алдындағы орындыққа жайғастым. Енді асықпаймын.Осы уақыт аралығында полициялар да есікті төмпештеп, күшпен бұзуға көшкен. Оларесікті ашқанда мен дайын едім. Стақанымды көтердім де, қызыл қанға ұқсаған улысуды тамақтан өткізіп жібердім. Ішіме жай ғана су кетті. Су… Анамның бейнесікөз алдымда пайда болып, жетелеп барады...
Комадажатқан баланың тәнінің үстінен полиция қызметкері шаршаңқы жанарымен қарап тұр.Жанына аузынан спирттің иісі мүңкіп дәрігер жақындады. Қолын халатыныңқалтасынан шығармай, басын шайқап: Тірі қалмайды,-деп күбірледі.
Поездакелемін. Терезесінен сыртқа қарауға талпынсам да ештеңе көрінбейді. Жанымдағыорындықта қарт кісі көзілдірік үстінен қарап газет оқып отыр. Оған қарсыорындықта отырған орта жастағы орамал таққан әйел шалдың оқығанын қалт жібермейтыңдап, көз жасын орамалымен сүртеді. Алғашында үн-түнсіз жылаған ол ендідауысын үдете түскендей. Тек, қарттың да, әйелдің де үндері тым алыстағы үңгіртүбінен шығып жатқандай күңгір-күңгір етеді. Менің бұл жерде екенімдісезбейтіндей. Өзім де физикалық денем осында екеніне күмәндімін. Бұлкеңістіктің бөлшегі болу толық бұйрмағандай көрінді. Қарттың «Жетімдер үйі… Зорлық...» – деген дауысы жаңғыра, барғансайын дәл құлағымның түбінде оқылып жатқандай үрей туғызып, жүрегім біршайылғандай күйге түстім. Осы кезде көзілдірігі жарыққа жалт етіп, ажарлы, сұлуқыз есіктен кірді. Қолында «Ф.Кафка: Қамал» дегенжазуы бар кітап. Кірді де, қарсымаотырды. Ол отырғанда шалдың үні бірденүзілді де, маған үшеуі де қадала қарады. Орта жастағы әйел жылай-жылай қартайыпкеткендей көрінді. Шаршады ма?.. Иә, қазір кемпірге айналған жүзін маған тура қаратыпотыр екен. Үшеуінің де жанары әлдеқашан өшкен, әлдеқашан жылуын жоғалтқан. Тек,жас қыздан әлсіз жылу сезілетіндей көрінді. Осы кезде полиция формасын киген үш адам есіктің алдында пайда болып,олар да маған қарап қалды. Өлі тыныштық. Уақыт сезілмейтін осынау біркеңістікте ақыры қыздың дауысы шықты. Ол полицияларға қарады да: "Қайтаберіңіздер, ол өлді,"- деді самарқау ғана. Олар ештеңедеместен бұрылды да кетіп қалды. Менқызға тура қарадым:
— Бәрібітті ме?
— Иә,бәрі бітті.
— Миссияморындалды ма?
— Дәлсолай. Тынығып алсаң болады.
— Менсізді таныйтын секілдімін…
— Иә,мені бәрі біледі. Бәрі таныйды.
— Сізкімсіз?
— Құдай,дейсана, иллюзия. Қалай атағаның маңызды емес. Неге сенетінің маңызды.
Бізшексіз темір жолмен тоқтаусыз жүріп келеміз.