Саясат

«Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын Назарбаев емес, Тоқаев басқаруы тиіс»

Дүниежүзі қазақтарықауымдастығында 10 жыл жұмыс істеген Мұқан МАМЫТХАН дүниежүзі қазақтарыныңкезектен тыс құрылтайы өтіп, онда қауымдастықтың төрағасы мен төраға орынбасарысайлануы тиіс дейді.

Jasalash.kz

Өйткені елде президент ауысқанымен,  Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының қазіргікүнге дейінгі басшысы ­– Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.М.Мамытханның айтуынша, оның орнын жаңа президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ басып,қауымдастық жұмысын реттеп, қайта құрылымдауы қажет.

–  Мұқан аға,  Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының мәселесісізді неге алаңдатады? Бұл ұйымға қандай қатысыңыз бар?

– Атажұртқа 1996жылы Іле қазақ облысынан көшіп келдім. 1997 жылы астананың көшуіне байланыстышетел қазақтарының делегациясы құрамында Астанаға барып, сол кездегі Дүниежүзіқазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Қалдарбек НАЙМАНБАЕВПЕНтаныстым. Бір аптадан кейін Қалдарбек аға Дүниежүзі қазақтары қауымдастығынажұмысқа шақырды. Сөйтіп, 1997 жылы қауымдастыққа жұмысқа орналасып, ҚалдарбекНайманбаевтың кеңесшісі болдым. Қалдарбек аға 2004 жылы қайтыс болғанға дейінқауымдастықта бірге қызмет еттік. Найманбаевтың кезінде Дүниежүзі қазақтарықауымдастығы шетел қазақтарының, әсіресе Қытай қазақтарының көші, оқу-ағартуы,мәдениетіне жауапты болатын. Айналып келгенде, шетелден көшіп келген қазақтарғаол кезде ие болатын екі ұйым бар еді: бірі көші-қон комитеті болса, екіншісі – Дүниежүзіқазақтары қауымдастығы. Көші-қон комитеті шетелден келген қазаққа оралман куәлігімен квота берумен айналысты. Ал қауымдастық, өзінің жарғысында көрсетілгендей,дүниежүзіндегі 5 миллион қазақтың мәдениеті, әдебиеті, тұрмысы, салтына көңілбөліп, олардың қалай өмір сүріп жатқанын зерделеп, қамқорлық жасайтын. Шеттегіқазақтың басында қандай да бір мәселе туса, соны қазақ үкіметіне жеткізіптұратын. Осылайша Найманбаевтың кезінде сырттағы қазақ атажұртқа аяқ басқанкүні Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына келіп тіркелетін. Оларды тіркейтінарнайы бөлім бар еді. Сөйтіп, қандастардың төлқұжатын тіркеп, ықтиярхатынақажетті бүкіл құжаттарын дайындап беретінбіз. Азаматтығын алуға дакөмектесетінбіз. Қысқасы, сырттан келген қазақ өзін үйіне, Отанына келгендейсезінетін. Қ.Найманбаев шеттен келген ақын, әнші, спортшы, зиялы қауымөкілдерінен қамқорлығын шамасы келгенше аямайтын. Әншілерді мәдениет министрлігіне,спортшыларды спорт комитетіне таныстырып, ақын-жазушыларды Жазушылар одағыныңмүшелігіне өткізетін. Соның арқасында елге оралған өнер, мәдениет адамдарыөздерін осы мемлекетте орны бар адам ретінде сезінетін. Бұдан бөлек,Қ.Найманбаев хат жазып жүріп 40 студентті магистратураға түсіріп, жүздегенбаланы бейімдеу курсына орналастырды. Бастапқыда бейімдеу курсына 250 квотағана бөлінетін, Қалекең соны 1400-ге жеткізді. Сөйтіп, Қытайдан 1400 баланы шақырып алып, оқуға түсіріп жүрді. Шеттенкелген қазақтар 2000 жылдары өз қалтасынан ақша шығарып, Қытайдан құрылысматериалдарын тасып жүріп, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Алматыдағығимаратын өзіміз салдық. Атажұртқа көшіп келген қазақтар сол қауымдастықтыңасханасында тамақтанып, мейманханасында түнеп, қызығын көретін. Сол уақытта қауымдастықсырттағы 1 миллион қазақты елге көшіруге ерекше үлес қосты. Қоныс аударғанқазақтарды облыс, аудандарға орналастырып, жер алып беруге септесетін.

2004 жылыҚ.Найманбаев қайтыс болған соң, 2005 жылы дүниежүзі қазақтарының 3-құрылтайындаТалғат МАМАШЕВ қауымдастық төрағасының бірінші орынбасары болып сайланды. Мамашевтіңкезінде екі жылдай кеңесші болдым. Бірақ біз бастаған жұмысты Т.Мамашев арықарай жалғастырып әкете алмады. Бірте-бірте жұмысты тастай берген соң, мен десүйкімімді кетірмейін деп жұмыстан кеттім. Сөйткен Талғат Мамашевтің соңғы айқайынөздеріңіз білесіздер, «оралмандарды ұрғаным бар» деп, күллі қандастың ренішінтудыратын, қанжардай қадалатын сөз айтты.

«Дүниежүзіқазақтары қауымдастығын қайта құрылымдау керек» деп көпшілік  талап етіп жүріп өткен 5-құрылтайда Талғат Мамашевтіалып тастап, орнына Зауытбек ТҰРЫСБЕКОВТІ алып келді. З.Тұрысбеков қауымдастықжұмысын жандандырады деп үміттеніп, қауымдастықтың шіріп кеткен ғимаратынжөндеуге «Отандас ел» қоғамдық бірлестігінің өкілдері көмектесті. Қалтамыздан15 миллион теңге шығарып, ғимаратты күрделі жөндеуден өткіздік. Ондағымақсатымыз Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен ­­ «Отандас ел» қоғамдықбірлестігі бірігіп, Қытайдағы қазақтарды көшіріп алса деген ой еді. Бірақ бізтүсіндіре алмадық па, әлде қауымдастықтағылар түсінбеді ме, әйтеуір, ғимараттытапсырып бердік. «Отандас ел» мүшелері қауымдастықтан бір рақмет бола ма депеді, ол да болмады. Оған да мейлі дедік те қойдық. Ал енді З.Тұрысбековтіңқауымдастықтағы қызметіне бағаны мен емес, халық береді.

– Қалдарбек Найманбаевтан кейін қауымдастық жұмысыәлсіреді дедіңіз. Мұны немен байланыстырасыз?

– Меніңше, мұныңекі себебі болуы мүмкін. Біріншісі – үкіметтің ішінде я болмаса мемлекеттіңарғы жағында шетелдегі қазақтардың бізге қаншалықты қажеті бар деген пікір болуымүмкін.  Екінші себебі – ҚалдарбекНайманбаевтан кейін қауымдастық төрағасының бірінші орынбасары болған ТалғатМамашевтің жұмыс істеуге құлқы болмады. Әйтпесе шаруаны дөңгелетіп әкететінмүмкіндігі болған. Меніңше, Т.Мамашевтің жанында оны жұмыс істеуге итермелейтінадамдар табылмады. Кейін қауымдастық Астанаға көшіп кетті де, оның жұмысынбақылай алмай қалдық.

­ –  Енді, сіздіңойыңызша, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жұмысын жөнді жолға қою үшін неістеу керек?

­– Егер шетелдеөмір сүретін 5 миллион қазақ Қазақстанға, расында да, керек болса, оларғабас-көз болатын қауымдастық сияқты ұйым қажет болса, онда аты затына сай, қазақмүддесіне жұмыс істейтін қауымдастықты қайта құру керек. Бұл жерде жаңа нәрсеойлап табудың қажеті жоқ, бәрі қауымдастық жарғысында жазылған. Тек сол жарғыдажазылғандай, жұмыс істейтін команда керек. Қазіргі мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаев Қалдарбек Найманбаевтың кезінде қауымдастық жұмысы қалайжүргенін бір кісідей біледі. Қытай қазақтары Қазақстанға сапарлап келу үшінқыруар ақша төлеп, виза ашатын. Қ.Найманбаев сол кездегі сыртқы істер министріҚ.Тоқаевқа хат жазды, сөйтіп, Шыңжаң қазақтарына тегін виза берілетін болды.Тоқаев 2-дүниежүзілік қазақтар құрылтайында Шыңжаң делегациясын елге әкелуге үлесқосты. Көші-қон агенттігі таратылмақ болғанда «оны таратпау керек» деп арашатүсті. Енді осы адам мемлекет басшысы болды. Ал Дүниежүзі қазақтары қауымдастығыныңқазіргі күнге дейінгі басшысы ­– Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы НұрсұлтанНазарбаев. Кезектен тыс президент сайлауында Тоқаев заңды басшы болып сайландыма, олай болса, Тоқаев Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бірінші төрағасы болыпсайлануы керек. Ол үшін дүниежүзі қазақтарының кезектен тыс құрылтайы шақырылуыкерек. Өйткені шетелден келген қазақтар «Нұр Отан» партиясы сияқты емес қой.«Нұр Отан» партиясы жер, су, әлеуметтік көмекті қажет етіп отырған жоқ. Алшеттен келген қазақтар жер, баспана, әлеуметтік көмекке мұқтаж. Мұның бәрімемлекет қолында. Ал мемлекет басшысы ­– Қ.Тоқаев. Олай болса, қауымдастықзаңды түрде Тоқаевтың қолына өтуі керек. Алайда қауымдастықтың негізгі жұмысытөрағаның бірінші орынбасарына жүктеледі. Сондықтан ол жас, қазаққа жаныашитын, шаршамайтын, қазақтың оқу-ағарту, әдебиет, көші-қонына көңіл бөлетінадам болуы тиіс. Тоқаев сондай адамды бірінші орынбасар етсе құба-құп. Жалпы,қауымдастықты қайта құрып, қазаққа жаны ашитын, қазақ үшін жаны күйетін адамдардытоптастыру керек.  Мәселен, Қытайқазағының мәселесін сол жақтан келген қазақтан артық білетін жан жоқ. Ресей,Моңғолия, Өзбекстандағы қазақтардың жағдайын да сол жақтан көшіп келгенқазақтар жақсы біледі. Олай болса, бірінші төраға орынбасары төңірегіне осындайадамдарды жинауы керек.

­– Ал қазіргі төрағаның бірінші орынбасары ЗауытбекТұрысбеков ше? Ол кісі қызметінен кетуі керек пе?

– Ол жұмыс істемедідеп айта алмаймын, біреуді жамандаудан аулақпын. Ол «менің бағдарламамды үкіметбекіткен жоқ, үкімет ақша бөлген жоқ, сол себепті жұмыс артта қалып жатыр»дейді. Бірақ мұның бәрі нені білдіреді? Бәлкім, затына сай жұмысістемегендіктен, үкімет көңіл бөлмеген шығар. Қалай болғанда да, оның жұмысынабағаны халық береді. Кезектен тыс құрылтай өтіп жатса, халық сонда талқылар.

– Дегенмен былтыр З.Тұрысбеков «Қытай қазақтарыныңмәселесін білмеймін» деп, Шыңжаңдағы қыспақтан хабарсыз екенін айтты. Олуақытта бұл мәселе ақпарат құралдарында кеңінен жазылып, саяси лагерьдеқамалған қандастар жайлы құлаш-құлаш мақалалар шыққан. Сонда З.Тұрысбековіргедегі Шыңжаң қазақтарының мәселесін білмей, көкте қалықтап ұшып жүрген бе?

– З.Тұрысбековтің «Қытайқазақтарының мәселесін білмеймін» деген жиынға мен де қатыстым. Меніңше, ол солкезде «білмеймін» демей, «менің облыстарға қойған басшыларым, осы мәселенімаған неге жеткізбедіңдер, мен неге хабарсыз қалдым, уақытында жеткізсе көмеккөрсетер едім» деп айтқан болса, халық ол туралы әлгіндей пікір айтпас еді.З.Тұрысбеков бұл мәселені, расында да, білмеді ме, әлде аузына сөз түспеген соңсолай деді ме, ол жағын білмеймін. Бірақ сол жиыннан кейін комиссия құрып,300-400 адамның арызын қабылдады. Ол комиссияда мен де болдым.

– З.Тұрысбеков қалсын ба, әлде кетсін бе деп сұрапотырғаным, Тоқаев қауымдастықты басқарғанымен, көп шаруамен төраға емес, оныңбірінші орынбасары айналысатыны түсінікті. Жалпы, Тоқаев қауымдастықтыбасқарған күннің өзінде, номиналды басшы болатыны белгілі. Сондықтан оданөзгеретін нәрсе шамалы. Ал іргедегі қазақтың жағдайын білмейтін Тұрысбековтіңқауымдастықты басқаруға моральдық құқы бар ма?

– Біз кезектен тысқұрылтай ашатын болсақ, онда екі түрлі жағдай болуы мүмкін. Біріншісі ­­–Тоқаев жас, жалынды, мемлекетке қызмет ететін адамды тағайындауы мүмкін. Екіншісі­– З.Тұрысбеков бұл қызметте 3-4 жыл отырып қазақтардың жағдайын білмесе, өзеркімен қауымдастықтан кетуі мүмкін.

­­– Тоқаев қауымдастықтың төрағасы болды делік. Оданбірдеңе өзгереді деп ойлайсыз ба?

– Тоқаевтан үміткүтетінім, ол қанша дегенмен шетел көрген дипломат, демократиялық елдердіңқалай дамығанын жақсы біледі. Осы тәжірибенің арқасында елді жаңа жолмен бастапәкетіп, авторитаризммен күресті шеше алады деп үміттенемін. Әлбетте, Назарбаевелді 30 жыл бойы басқарды, Қ.Тоқаевтың айтқаны бірден бола бермеуі мүмкін.

­–  Ал Назарбаевқауымдастық төрағасы болып отыра берсе қайтеді?

– Адамның өмірі менжасы шекті. Мансап қолда болғанымен, жас Құдайдың қолында. Н.Назарбаев төрағаболып отыра берсін дейтін едік, бірақ оның жасы 80-ге келді. Осы тұрғыдан алғанда,мансапты уақытында тапсыру керек. Қазір ол билікті  тапсырды деп жатыр ғой, алайда оны түбегейлітапсырды ма, оны енді халық біледі.

– Президент ауысқанымен, қауымдастық  төрағасын ауыстыру мәселесі неге көтерілмейжатыр? Әлде биліктегілер мұны ұмыт қалдырды ма?

– Асылы, Н.Назарбаевқауымдастықтағы төрағалықты бермеймін деген жоқ, ал Тоқаев төрағалықты алмаймындеген жоқ. Әлде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын ұмыт қалдырды ма? Бұлмәселені қазір көтеріп жатқанымыз да сол. Ұмыт қалдырса, шеттегі 5 миллионқазақтың көшіп келуі, орналасуы тікелей үкіметтің құзырында. Ал үкіметпрезидентке қарайды.

­– Олай болса, құрылтайды кім шақырады?  Төраға мен оның орынбасарын сайлау процесіқалай жүреді?

ТоқаевЗ.Тұрысбековпен кеңесіп, құрылтай шақыру жөнінде тапсырма бере алады. Құрылтайғасырттағы 5 миллион қазақтан 300-ден астам делегат келеді, елден қосылатынделегаттарды қосқанда, бас-аяғы 500 делегат жиналады. Оларға құрылтайдыұйымдастыру комитеті төраға кандидатурасын ұсынады. 500 делегат төрағаныкөпшілік дауыспен сайлайды. Міне, Тоқаев қауымдастықтың төрағасы болыпсайланса, бірінші орынбасарлыққа кемінде үш адамның кандидатурасын ұсынса деймін.Сонда құрылтай делегаттары үш кандидаттың бірін сайлап алар еді. Тағы дақайталап айтамын, біз Қалдарбек Найманбаевтың кезіндегі қауымдастық жұмысынаңсап отырмыз. Қазіргілер неге солай жұмыс істемейді?  Жүрегі қазақ деп соғатын, басшы болуға лайықадам жоқ па? Меніңше, бар. Тоқаев сондай адамдарды тауып, құрылтайда төрағаорынбасарлығына ұсынады деп үміттенемін.

– Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының алдында тұрған тағықандай мәселелер бар? Бәлкім, Шыңжаңдағы қазақтарға араша түсу үшін қауымдастықүкіметпен бірігіп әрекет етуі керек пе?

– Бұл жерде кезеккүттірмейтін нәрсе – шетелдегі 5 миллион қазақты, әсіресе Қытайдағы қазақтарды елгекөшіріп алу. Неге десеңіз, Қытайда бірде-бір қазақ мектебі, қазақ балабақшасықалған жоқ, бәрі қытай тіліне өтті. Енді он жылдан кейін ол жақтың қазақтары ұлттықболмысынан ажырап кетеді. Сондықтан елге көшіп келемін деуші Қытай, Моңғолия,Өзбекстан қазақтарын көшіріп алу керек. Ол үшін көші-қон комитетінің кейбірқұзыретін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына берген жөн. Бізде көші-қонкомитеті немен айналысады? Атажұртқа келген қазаққа оралман куәлігін береді,бес облысқа бөлінетін квота бар, соны бөледі. Соған бола білдей бір комитетқұрылған. Меніңше, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына көші-қон комитетініңқұзыретін беріп, қайта құру керек.

Қытайдағықазақтарды қыспақтан құтқарудың бірден-бір жолы – оларды атажұртқа көшіріп алу.2016 жылдан бері Шыңжаң қазақтарына қысым көрсетіліп, саяси үйренуорталықтарына қамалып, Қытайға туысшылап барып, елге орала алмай қалғанқазақтар көп. Қазақ үкіметі мұны сол елдің ішкі саясаты деді. Алайда дүниежүзіқазақтарының 2-құрылтайында Н.Назарбаев «әлемдегі қазақтардың жалғыз мемлекеті– Қазақстан» деді ғой. Сонда шеттегі қандастар «біздің Отанымыз, бізге иеболатын еліміз бар екен» десті. Бірақ біз әлгі сөзді қандастарды алдау үшінайттық па, әлде, шындығында, солай ма? Егер, расында да, бүкіл қазақтардыңжалғыз мемлекеті болатын болсақ, неге шетелдегі қазақтарға араша түсіп, олардыңмүддесін қорғап, Отанға оралтпауымыз керек?! Әлбетте, қазақ үкіметі, сыртқыістер министрлігі Қытайдағы қандастарға мүлде араша түспеді демейміз, қолынанкелгенін жасады. Бірақ ол шаруа өз деңгейінде болды деп айта алмаймын.

Сондықтан егерқандастарды көшіріп алуға ниетті болсақ, Қытай үкіметімен келіссөз жүргізіп,қазақтарға шақырту беріп, елге көшірейік. Солтүстікте бос жатқан жерлергеқоныстандырайық. Ол қандастар ауыл шаруашылығы мен мал өсіруге бейім. Мәселен,Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы Асы жайлауында бұрындары тек 5-6 қосотырса, қазір мал сыймай кетті. Соның 70 пайызын біз баяғыда көшіріп әкелгенқандастар асырап отыр. Өткенде ауыл шаруашылығы министріне сілтеме жасағанТоқаев өзінің сұхбатында «20 мың тонна ет саттық» деді. Сол 20 мың тонна етті16 облысқа бөлсе, бар-жоғы 1200 тоннадан ғана шығады.Бүкіл Қазақстан емес, бір облыс 20 мың тонна ет сататын көрсеткішке жетугеболады. Ол үшін қандастарды көшіріп әкелу керек. Халық саны өссе мемлекет тедамиды, экономикасы да өседі. Оның үстіне ел басына күн туса, өзгелер емес, еңалдымен қазақ ұлты үн қатады.

– Бағанадан бері Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы туралысөз қозғадыңыз. Ал шетелдегі этникалық қазақтар мен оралған қандастарға көмеккөрсету үшін 2018 жылы құрылған, Нұртай ӘБІҚАЕВ басқаратын «Отандастар» қорытуралы не дейсіз?

– «Отандастар» қорынқұруды 2017 жылы дүниежүзі қазақтарының 5-құрылтайында Н.Назарбаев тапсырғанболатын. Н.Назарбаев «Отандастар» қорын құру арқылы әлемдегі қазақтардыңкөші-қон, оқу-ағарту, мәдениетіне көмек көрсетеміз деді. Қор құрылды, бірақ олжұмыс істеп жатыр ма, жоқ па? Бұл да Тоқаев зерттеп көруі тиіс мәселе.

Мұндағы айтпағым,қазір Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен «Отандастар» қорының жұмысын біздің«Отандас ел» тәрізді қоғамдық ұйымдар атқарып отыр. Біз 2009 жылы қауымдастықжанынан «Отандас ел» қоғамдық бірлестігін құрып, Қытайдағы оқушыларды бейімдеукурсына орналастырып, визасын ашып, тіркеу жұмыстарына көмектестік. Меніңше,«Отандастар» қоры біз секілді нақты жұмыспен айналысып отырған ұйымдардықаржыландырса, қандастарды көшіру, тіркеу жұмыстарын өз мойнымызға алып, тегінбітіріп берер едік.

– Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан Елнұр Бақытқызы

Фотолар: mfa.kz, akorda.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега