Баған

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Қасым-ЖомартТоқаевтың мемлекет тізгінін қолына ұстағанына бір жыл толыпты. Отыз жылға тартаелді билеген Нұрсұлтан Назарбаевтың өз еркімен президенттіктен бас тартқанынада бір жыл.

Jasalash.kz

Бір қарағанда қас қағым сәт секілді. Алайда бір жылда біраз дүниеөзгерді.

Жалпы,сәуегейлер бал ашып, саясаттанушылар жорамал жасап,«түбі солай болады, Назарбаевтың орнына не анау, не мынау келеді» дегенімен,дәл 2019- дың 19 наурызында болған тосын оқиғаны ешкім күтпеген еді. Бір күндеНазарбаев президенттік өкілетін тоқтатты да, Тоқаев Ақорданың қожайыны атаныпшыға келді. Бірақ сонымен елбасының дәурені аяқталды десек, қателескеніміз.Отыз жылдай айтқаны болған, дегенін істеткен сұңғыла басшы бәрібір биліктің еңкеректі тетігін ұстап қалды. Таратып жіберсек, барлық құзырлы күштікқұрылымдардың үстінен қарайтын Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, билік партиясы –«Нұр Отанның» басшысы және заң жүзінде қудалаудан һәм дүние-мүлікмүкамалынқорғап, кепілдік беретін ұлт көшбасшысы – Елбасы деген мәртебе. Назарбаевтыңдәурені елдің есінде несімен қалады? Бұл жеке әңгіме. Десек те, бізден бір-екіауыз лепес. Әрине, тәуелсіздіктің басында Назарбаевтың өзі уәде еткендей,Қазақстан екінші Кувейтке айнала алмады. Тарих Назарбаев билікке отырған кезденбасталмағаны тағы белгілі. Исі қазақ «солай болса» деп қиялдаған көп дүниеарман күйінде қалғаны тағы бар. Десек те, ол қазақтың көк байрағын көккекөтерді, шекарасын шегендеді, қазақ мемлекетін әлемге танытты, мойындатты.Көрші-қолаң, іргелі елдермен біржақты емес, көптармақты саясат ұстанды. Елдіңіргесін сөкпеді, жердің бүтіндігін сақтай алды. Рас, жасаған ісі лақтырылғансақадай кейде бүк, кейде шік түсіп жатқан кездер де болды. Кім не десе де,қалай айтса да, Нұрсұлтан Назарбаев Алаш тарихында тәуелсіз қазақ мемлекетініңқабырғасын қалаған тұңғыш президент ретінде мәңгі қалары хақ. Бұған ешкім дауайта алмас. Ал Тоқаев бір жылда не істеді?

Әрине,бір жыл баға беретіндей бір президенттік мерзім емес. Рас, жұрт Қасым-ЖомартКемелұлын «уақытша президент» десті. Қазір де сол ойда. Жарайды, бұл басқаәңгіме. Айтқымыз келгені өзге тақырып. Тоқаев қалыптасқан жүйеге «жылымық»орнатуға тырысты. Ашық қоғам орнатуға қадам жасады. Саяси реформа жасауғаталпынды. Оның алғашқы «жемісі» – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі. Осы кеңес халықпен билік арасында «алтын көпір» болады деп тұжырды. Ал кілең білімді һәмбілікті жастардан тұратын кадрлық резерв құруы билікте күш-қуаты кеміген,ортаға тастар идеясы жоқ, айтар сөзі сарқылған шал-шауқандарды алмастырудыңтөте жолы еді. Сондай-ақ қоғамдық негізде жұмыс істейтін экономикалықреформалар орталығын дүниеге әкелуі, осында жиналған кіл экономиканың «майын»ішкендердің арқасында «экономикалық секіріс» жасауға деген ынтасы. Алайда бұлүш құрылымның да әзірге ауыз толтырып айтатындай іс-әрекетін көре қойғанжоқпыз. Дегенмен бұл Тоқаевтың жүйені реформалауға жасаған алғашқы қадамдары.«Жемісін» жүре келе жей жатармыз. Әрине, Тоқаевтың халықтың ықыласына бөленуүшін жасаған азды-көпті тірліктері бар. Соның бірі – табысы аз, тұрмысы төменотбасыларының азын-аулақ несиелеріне кешірім жасауы. Қасым-Жомарт Кемелұлымемлекет басшысы бола салысымен әлсін-әлсін айналып соғып отырған, кілеңкелеңсіз жағдайлардың толқынына тап болды. Арыстағы әскери қоймалардыңжарылысы, Қытайдан бері өткендердің дауы, ұшақтың құлауы, Қордайдағы дүрбелең,мұнайдың арзандауы, коронавирус індеті. Мұның бәрі елде елеулі өзгерісжасаймын, мемлекетті жаңа бір кезеңге шығарамын деген президенттің алдынкес-кестеген кедергі. Алда не күтіп тұр? Тағы белгісіз. Бұл сынақтардыңбіразынан Тоқаев әупірімдеп өтті. Дегенмен әлем экономикасына тежеу салғанмұнай бағасының бірден құлауымен жер-жаһанның құтын қашырған коронавирус індетіҚазақстанға оңай тиіп тұрған жоқ. Мұнайдан түсетін пайда кеміді, індет бүкілтіршіліктің тоқтауына түрткі болды. Инфляция, девальвация, жұмыссыздық.Қысқасы, үш басты айдаһар бас көтерді. Мұнымен Тоқаев қалай күреседі? Жеңе ме,жеңіле ме? «Сүрініп кетсе» дейтіндер де табылар. Біз «сүрінбесін» дейміз. Өйткеніпрезиденттің сүрінуі мемлекеттің абырой-атағына нұқсан. Бізге керегі – мемлекетбасшысының амандығы, мемлекеттің тұтастығы, елдің бірлігі. Осы үштаған орнықты болса,болды.

Күлтегін БЕК

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега