Әлеумет

Екі баланың қазасы: Нүсіпова өтініш жасауға мәжбүр болды

Семейдегі Суықбастау кентінде кеше түстен кейін тосыннан өрт шығып, 2012 жылғы және 2015 жылғы ағайынды екі бала өз баспаналарында көз жұмды.

Jasalash.kz

Өрт шыққан кезде көршісінің сағат 14.19-да шұғыл хабарлауы арқылы 10 минут ішінде жеткен Семей ТЖБ бригадасы бірінші қабаттағы Владимир және Александар ТЕМІРХАНОВТАРДЫ құтқарып үлгермеді. Жуынатын бөлмедегі ваннаға тығылған балалар бұл кезде о дүниеге аттанып кете барған.

Оқыстан шыққан өрт облыс басшылығын да тік тұрғызғаныбелгілі болды. Қалаға жедел жеткен ШҚО әкімінің орынбасары Әсем НҮСІПОВА, қалаәкімі Ермак СӘЛІМОВ және Айдар САДЫРБАЕВ осыған орай бүгін журналистерменбаспасөз конференциясын өткізді. Сағат 12-ге белгіленген баспасөз мәслихатынанжарты сағаттан астам уақыт кешігіп келген басшылардан бірінші болып сөз алғанқала әкімі Ермак Бидахметұлы өрт кезінде балалардың анасы үйде болмағандығынайтты.

«Біз бүгін таңертең ғана қаза болған балалардың ата-анасымен кездестік. Шындығында бұл отбасы бізге бейтаныс емес. Отағасы Виктор ТЕМІРХАНОВ біраз уақыттан бері елордада жұмыс істеп жүрген. Ал, анасы Анастася ТЕМІРХАНОВА (бұрынғы фамилиясы Лаврухина) үйді өрт шалғаннан кейін екі сағаттан соң барып келді. Ол осындағы тубдиспансерде есепте тұрғаны белгілі болып отыр. Бірақ, өрт кезінде қайда жүргені әлі де анықталып жатыр», — деді Е. Сәлімов.

Қала әкімінің айтуынша, бұл отбасы бұған дейін жағдайытөмен болуы себепті ешқандай әлеуметтік көмекке жүгініп мемлекеттікмекемелердің есігін ашпаған. Жұмыссыз ретінде де тіркелмеген. Дегенмен, қалабилігінің назар аударуы нәтижесінде қыркүйек, қараша және қаңтар айында рейджүргізіліп, балаларды мектепке дайындау жөнінде түсіндіру жүргізілген. Бірақ, жағдайдыңбіртіндеп бақылаудан шығып кеткені белгілі болып отыр. №48 мектеп учаскесінеқарайтын аумақта тұратын отбасының үлкені 7 жаста болса да білім ошағының бетінкөрмеген. Оның біраз уақыт Нұр-Сұлтан қаласындағы құрылыста істейтін әкесініңжанында көбірек болғанын қала әкімі өз сөзінде айтып өтті. Ал кішісін үйдегіжағдайға байланысты балалар үйіне алып кеткенімен, анасы артынша жөнгекелгендігін айтып, учаскелік полицияның араласуымен қайтарып алған.

Тоқетерін айтқанда осындай адам аярлық күйдегі шаңыраққандай күн болса да тиісті мекемелердің және бөлімдердің бақылауында болуғатиіс еді. Балалардың анасы 29 жастағы Анастасяның ішімдікке үйірлеу болғаны даенді айтылып отыр. Көршілерінің айтуына сүйенген қала басшысының сөзінесүйенсек, Анастасяның  балаларды үнеміқараусыз қалдырып өз жөніне кетіп қалып жүретіні бірнеше рет байқалған. ШҚОішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары А. Садырбаев мектеп жасындағы баласыбар отбасын бақылаудан шығарып алған қалалық білім бөліміне тексеріс жүретінінде атап өтті. «Білім бөлімініңқадағалауында болуға тиіс еді. Алайда, нақтырақ тескеріс жүргізілетін болады»деді А. Садырбаев.

Отағасы Виктор Темірханов та, әйелі Анастасия да Үржар ауданындағы Науалы балалар үйінде тәрбиеленіпті. Отбасын құрғандарымен, нақты некеге тұрмаған.

ШҚО әкімінің орынбасары Әсем БЕКҚЫЗЫ журналистер тарапынан жаңбырша жауған сауалдар әсер еттіме, анасына қатысты кезекті бір сұрақтан соң: «Сіздерден өтініш бұл жағдайға соншалықты акцент беріп, төндіре хабарламасаңыздар. Себебі, қазіргі уақытта аяғы ауыр анасына да әрбір ақпарат оңай тимейтіні анық. Қазір ол әлеуметтік-психологиялық бақылауда. Бәріміз де адамгершілік көзқараспен қарайықшы» деп биліктің бірінен біріне тиетін ағаттығын жуып-шайып ақталуға тырысты. Ал, қайғылы қазаға ұшыраған балалар ертең жер қойнына тапсырылады.

Фото: altaynews.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега