Оқиғалар

Екі күнде 70 мың көрермен: Sadraddin Алматыны әнге бөледі

Көпшіліктің сүйікті әншісі Sadraddin Алматыда екі күн қатарынан концерт беріп, Орталық стадионға 70 мың көрермен жинады.

Фото Kaspi.kz

 Ауқымды шоуға билеттер санаулы күнде сатылып кеткен. Әсем әуен, ерекше хореография, заманауи жарық пен арнайы эффектілер үйлескен музыкалық кеш Kaspi.kz инновациялық компаниясының қолдауымен өтті.

Фото Kaspi.kz/Sadraddin

Көрерменнің концертті асыға күткені шоу басталмай тұрып-ақ байқалды. Басталуға үш сағат қалғанда отбасыларымен,  жастар құрбыларымен, сүйіктілерімен стадионға жиналды. Көпшілігі сүйікті әншілерінің аты жазылған плакаттар мен гүл шоқтарын ала келген.

Фото Kaspi.kz/1
Фото Kaspi.kz/1

Sadraddin-нің бренд-менеджері Азамат Демегеннің айтуынша, концерт рекорд орнатты деуге болады. Оның сөзінше, бұған дейін ешкім Орталық стадионда екі күн қатарынан концерт беріп, көрерменге толтырмаған.

"Ерекше шоуды ұйымдастыруға екі мыңға жуық маман жұмылдырылды. Сахнамыз да ерекше – көлемі 40 метрден асады. Билеттер жеті-ақ күнде сатылып кетті", – дейді Азамат Демеген.

Фото: Азамат Демеген/1

Тосынсыйға толы кешті Sadraddin ғарышкер кейпінде жоғарыдан арқанмен түсіп, "Үйге" және "Көңілсіз би" әндерімен ашты.

Фото Kaspi.kz/Sadraddin
Фото Kaspi.kz/Sadraddin

Концертке әнші екі жыл дайындалған. Шоу барысында жанкүйерлеріне 32 ән ұсынды. Ал көпшіліккке сүйікті "Күз", "Ана", "Ант" әндеріне стадиондағы көрермен ғана емес, бүкіл Алматы қосылып кеткендей әсер қалдырды. Әнші кейбір туындыларын ливандық әнші Maher Zain, украиналық орындаушы Adro, қырғызстандық рэпер Bakr және қазақстандық жастардың сүйіктісі Ayau-мен бірге шырқады.  

Фото: Maher Zain-мен бірге ән шырқап тұр/Sadraddin

Көрермендер Орталық стадионның ортасындағы алып сахнаға, әсем әндер мен ерекше отшашуға тәнті болды. Сондай-ақ Kaspi.kz компаниясының қолдауы мен Sadraddin-мен коллаборациясын жоғары бағалады.

"Қазақстанда мұндай ауқымды жоба алғаш рет өтіп жатыр. Көп концертке бардық, бірақ осындай деңгейдегі концертті бірінші рет көріп отырмын деп ойлаймын. Өте керемет, алғысымыз шексіз. Қолдау көрсеткен Kaspi-ге де үлкен рақмет!", – дейді Әдемі Бауыржан

Фото: Әдемі Бауыржан концертке сіңлісімен бірге келген/1

Көрермендер арасынан актер әрі продюсер Жанатбек Байтековті де көзіміз шалды. Ол концертке Астанадан арнайы келгенін айтады. Отандық шоу-бизнесте бірқатар әнші мен топтың сахнаға шығарған продюсердің айтуынша, бұл концерт Қазақстандағы шоу-бизнес пен креативті индустрияның қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді.

Фото: Жанатбек Бәйтеков/.

"Kaspi-дің осындай таланттарды қолдауы қуантты. "Бұлақ көрсең, көзін аш" дейді. Бұл – өте орынды қолдау. Жақсы демалдық, керемет кеш болды. Екі сағат бойы тік тұрып тамашаладық, арасында жастармен билеп те алдық. Бұл – бөлек деңгей. Отандық шоу-бизнестің жаңа биікке көтерілгенін көрсетеді. Астанадан арнайы келгеніме өкінбеймін", – дейді продюсер.

Sadraddin-нің жанкүйерлерінің басым бөлігі – жастар. Дегенмен концертке әншіні сүйіп тыңдайтын ата-әжелер де келді. Олардың кейбірі басқа қалалардан арнайы жеткен.  

"Қызылорда облысынан арнайы келдім. Осындай әншілеріміз көп болсын. Халықтың алдында жүре берсін, шетелге де танылсын. Kaspi-ге де, Sadraddin-ге де, бәріне рақмет айтамын!" – дейді Гүлдана Тұрмаханова.

Фото: Гүлдана Тұрмаханова/.

Стадионға жиналған көрерменнің арасында әншінің кішкентай жанкүйерлері де аз болған жоқ. Ханшайым мен Еркежанды ата-аналары концертке арнайы алып келген. Олар әншінің Zeiin атты соңғы альбомындағы әндердің аттары мен суреті салынған плакатты да ала келген.  

Фото: Ханшайым мен Еркежан/.

Стадионда Еркежан мен Ханшайым сынды кішкентай жанкүйерлер көп болды. 

"Қыздарым – Sadraddin-нің жанкүйерлері. Әкесі екеуіміз жақыннан көрсін деп, сахна маңынан билет алдық. Sadraddin – бүгінгі буынның ішіндегі ерекше әнші", – дейді екі кішкентай қызымен келген алматылық Жазира Қабаева.

Алматылық Жарқын Мауытхан қызының ұсынысымен концертке үлкен гүл шоғын алып келген. Концерт кезінде мыңдаған көрерменнің арасынан сахнаға өтіп, гүлді әншіге табыстады.

Фото: Sadraddin жанкүйерлерінің гүл шоғымен/.

"Гүл сататын дүкенім бар. Бұған дейін Джей Ло мен Қайрат Нұртасқа концерттерінде гүл сыйлаған едік. Бүгін қызымның ұсынысымен Sadraddin-ге де гүл табыстағым келді. Екі күн қатарынан билеттері түгел сатылып, концерт өткізу – үлкен жетістік. Сондықтан Sadraddin-ді қолдап, гүл шоқтарымен келдік", – дейді кәсіпкер.

Фото: Жарқын Мауытхан/.

Концерт көрермендердің көңілінен шыққаны анық байқалады.

"Өте керемет өтуде. Жоғары деңгейде. Менің ойымша Қазақстанда бірінші осындай деңгейде өтіп жатқан концерт. Sadraddin мен жас таланаттарды қолдайтын Kaspi-ге рахмет айтамыз", – дейді Альбина Қайрат.

Фото: Альбина Қайрат/.

Oyu Fest, Алматы марафоны және жасанды интеллект бойынша IOI 2026 халықаралық олимпиадасы сынды еліміздегі ең ірі мәдени, спорттық және білім беру жобаларын тұрақты қолдайтын Kaspi.kz-тің жас әншінің өнерін қолдағаны да көрерменді қуантқан.

 "Sadraddin-нің "Күз" әні ұнайды. Бірде-бір концертінен қалмауға тырысамын. Sadraddin-нің постері төсегімнің алдында ілулі тұр. Қатты жақсы көремін. Kaspi-дің қолдауы да қатты қуантты. Sadraddin мен Kaspi-дің коллаборациясының арқасында Kaspi Алақан аштым", – дейді алматылық Дана Оразхан.

Фото: Дана Оразхан (оң жақта) құрбысымен/.

Алматыны екі күн бойы әнге бөлеген жас әнші де Kaspi.kz компаниясының қолдауына ризашылығын білдірді. Ол мұны сахнада да, сұхбат кезінде де атап өтті.  

"Екі күн концерт өткізу үшін үлкен қолдау керек. Бұл оңай шаруа емес. Менің тәжірибемде алғаш рет болып отыр, сондықтан Kaspi.kz-ке үлкен алғысымды айтамын. Kaspi.kz-пен бірге жұмыс істеу – үлкен мәртебе деп ойлаймын. Бәріңізге рақмет! Көрермендерге рақмет! Kaspi.kz-ке рақмет! Біз сіздерді жақсы көреміз", – дейді әнші.

Фото: Sadraddin сахнада/.

Көрермендер бұл кешті тамаша көңіл күй сыйлаған шоу ғана емес, қазақстандық мәдениет пен креативті индустрияны жаңа деңгейге көтеретін жобалардың бірі ретінде бағалады.

Сайт Әкімшілігі