Қоғам

Екібастұзда жанармай құю бекетінде жарылыс болып, жас жігіт қаза тапты

Жарылыс түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Төтенше жағдайлар министрлігі өрт 15.

Jasalash.kz

44-те сөндірілгенін хабарлады. Жарылған цистернаның бірінің жанынан жас жігіттің денесі табылған.

Жанармай құю бекетіндегі төрт цистерна өртеніп, өрт азық-түлік дүкеніне жеткен. Өрттің көрші ғимараттарға таралу қаупі төнген. 

«Сағат 13:24-те Екібастұз қаласы, Қонаев көшесі, 5 мекенжайындағы жанармай құю бекетінде 4 газ цистернасы жанған. Сағат 15:22-де цистернаның жанынан жас жігіттің денесі табылды. Жеке басы нақтыланды», – делінген құтқарушылардың хабарламасында.

Кейін жарылыста қаза тапқан жігіт 17 жастағы жанармай бекетінің операторы екені белгілі болды.

Учаскеде 20 қызметкер мен 7 техника жұмыс істеп жатыр. Өрт 15:44-те сөндірілді. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега