Саясат

Экс-банкир Ертаев 11 жылға сотталды

Экс-банкир Жомарт Ертаев 11 жылға сотталды және мүлкі тәркіленетін болды,-деп хабарлайды «Жас Алаш». Бұрынғы банкир Bank RBK-дан 144 миллиард теңгені жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Jasalash.kz

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Ертаевты 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Банкир өз кінәсін мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрады. Соңғы сөзінде ол «Ешқашан біреудің затын алмаңыз» және «Нағыз бақыт деген не?» тақырыптарында кітаптар  жазатындығын атап өтті.

Оған қоса, бұл іске тағы 36 адам қатысуда.

Экс-банкир басқа қылмыстық істер бойынша да айыпталуда. 

Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқыру ісіне қатысты сот өткен жылдың аяғында басталған болатын. Тергеу деректеріне сүйенсек, қылмыс 2011-2017 жылдар аралығында жасалған. Қылмыстық іс 46 эпизод және 700 томнан тұрады. Айыптау актісінде 3600-дан аса парақша бар.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега