Қоғам

Ермек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды

Президент Ермек Көшербаевты Қазақстанның Аустриядағы елшісі етіп тағайындады.

Фото: Дидар газеті

"Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Ол биыл тамызда Сыртқы істер министрі қызметінен босатылған. Көшербаев бұл лауазымда бір жылға жуық жұмыс істеді. Ал оған дейін екі жыл бойы Шығыс Қазақстан облысының әкімі болды.

Сайт Әкімшілігі