Саясат

Экс-министр елші болып тағайындалды

Асқар Жұмағалиев Қазақстанның Нидерландтағы елшісі және Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды«Жас Алаш» Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Jasalash.kz

«Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды», — делінген Жарлықта. 

Бұдан біраз уақыт бұрын Асқар Жұмағалиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылған болатын. 

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега