Әлеумет

Елден жанармайды заңсыз шығаруға қатысты 634 дерек тіркелді

Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері көліктерге қосымша жанармай бактарын заңсыз орнатудың 634 дерегін анықтап, жолын кесті.

Фото: полиция

Соңғы тәуліктің өзінде тағы екі жағдай тіркелген.

Министрлік мұндай көліктерді анықтау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Әсіресе мемлекеттік шекара арқылы өтетін автокөлік өткізу пункттерінің маңында бақылау күшейтілген.

Рейдтердің негізгі мақсаты – ауыр жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жанар-жағармай материалдарын елден заңсыз шығаруға жол бермеу.

Сайт Әкімшілігі