Әлеумет

Elmedia бас редакторы басылымның Facebook-тегі парақшасы өшірілгенін мәлімдеді

Elmedia бас редакторы Аян Шәріпбаев басылымның Facebook-тегі ресми парақшасы жалған аккаунт арқылы жасалған шағымнан кейін өшірілгенін мәлімдеді.

Фото: ашық дереккөз

«Олар Elmedia логотипін пайдаланып жалған аккаунт жасап, соның атынан біздің ресми парақшамызға шағым түсірген. Ал Цукербергтің корпоративтік жүйесі ешқандай құжатты тексерместен, алаяқтардың шағымына сүйеніп, тәуелсіз қазақстандық БАҚ-тың парақшасын өшіріп тастады», – деп жазды Аян Шәріпбаев Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, бұған дейін де белгісіз пайдаланушылар оның жарияланымдарына авторлық құқық бұзылды деген себеппен жаппай шағым түсірген.

Аян Шәріпбаевтың сөзінше, редакция халықаралық құқық қорғау ұйымдарын іске тартып, оқиғаға байланысты ресми құқықтық рәсімдерді бастаған.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Елмедиа