Әлеумет

Елімізде дипломның орнына сертификатпен жұмысқа орналасуға рұқсат етілуі мүмкін

Қазақстанда кәсіби біліктілік сертификатын еңбекке орналасу кезінде ресми құжат ретінде тану ұсынылды. Бұл норма жаңа заң жобасында қарастырылған.

Фото: ЖИ

Құжатқа сәйкес, енді кей мамандықтар бойынша дипломнан бөлек кәсіби сертификат та еңбек келісімшартын жасауға негіз бола алады.

Сонымен қатар заң жобасында жұмыс берушілерді колледждер мен жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын әзірлеуге тарту көзделген. Бұл бастама оқу бағдарламаларын еңбек нарығының талаптарына бейімдеуге бағытталған.

Депутаттардың пікірінше, ұсынылып отырған өзгерістер бәсекеге қабілетті әрі заманауи білім беру жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сайт Әкімшілігі