Қоғам

Еліміздің жанармай құю бекеттерінде АИ-95 маркалы бензиннің орнына АИ-92 сатылған

Қызылорда облысындағы бірқатар жанармай құю бекетінде АИ-92 маркалы бензиннің АИ-95 ретінде сатылғаны анықталды. Бұл туралы Сауда министрлігінің комитеті хабарлады.

Фото: ашық дереккөз

Тексеру барысында Алматыдағы кейбір жанармай құю бекеттерінде АИ-100 бензинінің октан саны белгіленген талаптарға сәйкес келмегені белгілі болды.

Ал Жетісу облысында АИ-92 бензиніндегі күкірт мөлшері рұқсат етілген нормадан екі есе жоғары болған.

Ведомство бұл тексерулердің қазақстандықтардан жанармай сапасына қатысты жаппай шағымдар түспей тұрып жүргізілгенін атап өтті.

Қазіргі уақытта автокөлік жүргізушілерінен түскен 12 өтініш қаралып жатыр.

Сайт Әкімшілігі