Саясат

Елорда: Көлгінов командасын жинап жатыр ма?

Астананың жас әріжаңа әкімі Алтай КӨЛГІНОВ – батыл-батыл кадрлық өзгерістер жасауда.

Jasalash.kz

Өткенаптада бар болғаны үш күн ішінде жауапты үш кадрын ауыстырды.

Көлгіновэкс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ кезінде мансабын жасаған шенеунік. Бірақ,бұрынғы президентінің «команда» құруға құмар шенеуніктердің кадрлық потенциалдытөмендететіні туралы ескертуін ұмытып кеткен сияқты.

Нұрсұлтан Назарбаев осыдан екі жыл бұрын «Егер бірминистр ауысса, оның соңынан бір топ адам жүреді. Біреуі туысы, біреуі құдасыдегендей. Міне, осыдан келіп сыбайлас жемқорлық пайда болады. Олай болмауыкерек», деген.Қазіргіпрезидент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ та «Назарбаевтың жолымен жүремін» деп уәдебергенін жұрт жақсы біледі. Бірақ, Көлгінов мырза оны да елеусіз қалдырғанғаұқсайды. Өйткені, жаңа тағайындалған астаналық шенеуніктердің екеуі Көлгіновкеонша алыс емес адамдар.

Сонымен, алғашқыауыс-түйіс «Нұр Отанның» қалалық филиалынан басталды. Филиал төрағасыныңбірінші орынбасары болып Ерлан Қаналимов тағайындалды. Қаналимовтың Көлгіновжүріп өткен жолдарға онша қатысы жоқ. Ол бұған дейін Астана қаласы Ішкі саясатбасқармасының басшысы, «Байқоңыр» ауданының әкімі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімініңорынбасары қызметтерін атқарған.

Одан кейінгі ауысу– бас қала әкімінің орынбасары Алтынбек ҚАЙСАҒАЛИЕВТІҢ тағайындалуы. Бұғандейін осы қызметті атқарып келген Арман ТҰРЛЫБЕК «басқа жұмысқа ауысуынабайланысты қызметінен босатылған».

АлтынбекҚайсағалиев 2013-2015 жылдар аралығында Орал қаласы әкімінің аппарат жетекшісі(Көлігновтің қала әкімі кезінде) болған. Одан кейін Алматы қаласындаКәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысыныңорынбасары болып аз уақыт жүрген соң, қайтадан БҚО-ға ауысып, Орал қаласыәкімінің орынбасары болған. 2018 жылдың қыркүйегінен бастап БҚО Құрылысбасқармасына жетекшілік еткен. Көлгінов пен Қайсағалиевті жақындастыра түсетінтағы бір қызмет орны – ҚР президенті әкімшілігі. Екеуі де бір бөлімде –Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау жәнеаймақтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінде қатар істеген. Көлгінов 2010-2012жылдары аталған бөлімде мемлекеттік инспектор, ал Қайсағалиев 2012-2013 жылдарыконсультант, инспектор қызметтерін атқарған. Көлгінов алдымен аз уақыт БатысҚазақстан облысы әкімінің орынбасары болып, сосын көп өтпей Орал қаласы әкіміболып бекітілген жылы Қайсағалиев екеуінің жолы тағы түйіседі. Әлбетте, Көлгінов– басшы, Қайсағалиев – қосшы. Міне, қызметтік мансапта жолдары бір емес,бірнеше мәрте түйіскен екі шенеуніктің елорда әкімдігіндегі әріптестігінкездейсоқтық дейміз бе, кадрлық-командалық байланыс дейміз бе?

13 маусымдақызметке келген Көлгіновтің тағы бір орынбасары – Бақтияр МӘКЕН де 2013-2016жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған. Әрине, МәкендіКөлгіновтің қол астында істеді деуге келмейді, ол дәл Көлгінов облыс әкіміболып тағайындалар қарсаңда орынбасарлық міндетінен босап, ПарламентМәжілісінің депутаты болып кеткен. Көлгінов 26 наурыз күні әкім болса, Мәкен 24наурыз күні депутат болып сайланған. Көлгінов өзі әкім болып келердеалды-артына қарамай кетіп қалған әріптесімен елордада қайта қауышқан секілді.

15 маусым күніКөлгіновтің тағы бір кадры астанаға келді. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысыәкімінің баспасөз хатшысы, облыс әкімінің кеңесшісі, облыс әкімі аппаратбасшысының орынбасары қызметтерін атқарып келген Жарқын ЖҰМАДІЛОВ Elorda AqparatЖШС-не директор болып тағайындалды. Бір қызығы, ЕлордаАқпараттың сайты таратқан мәліметте Жарқын Жұмаділовтің БҚО-да істегенқызметтері көрсетілмепті. Тек мемлекеттік қызметке келгенге дейінгі істегенжұмысы, атқарған қызметін ғана көрсетумен шектеліпті. Бұл жағынан жаңа басшыкеліп жатқан ұжымды да түсінуге болады. Бәлкім, «Астананы Көлгіновтің батыстағыкадрлары басып жатыр» деген сөзден қашты ма екен...

Фото: informburo.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега