Оқиғалар

Елордада ауруханадан мүгедектер арбасын ұрлаған күдіктілер ұсталды

Елордада ауруханадан мүгедектер арбасын ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Фото: Полиция

Астана қаласында медициналық мекемеден мүгедектер арбасын ұрлау дерегі бойынша екі күдікті ұсталды.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ер адам аяғынан жарақат алған досын медициналық тексеруден өткізу үшін ауруханаға алып келген. Дәрігерлік тексеруден өткеннен кейін олар медициналық мекеменің мүгедектерге арналған арбасын уақытша пайдаланып, кейін оны тиісті орнына қайтармай, өздерімен бірге алып кеткен.

Аталған факт бойынша полицияға хабарлама түскеннен кейін жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, бейнебақылау камералары арқылы күдіктілердің жеке басы анықталды. Жүргізілген жедел жұмыстардың нәтижесінде Алматы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері екі ер адамды ұстады.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. 

Сайт Әкімшілігі