Елордада мас күйде лифт есігін тепкен тұрғын 5 тәулікке қамалды
Оқиға Бауыржан Момышұлы даңғылындағы тұрғын үйлердің бірінде болған.
Түнгі уақытта алкогольдік масаң күйде болған ер адам лифт есігін аяғымен теуіп, тұрғындардың ортақ мүлкіне зақым келтірген.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтап, оны ұстады. Ол 26 жастағы Оңғарбай Сәулетбек болып шықты.
Ер адамға қатысты қоғамдық орында мас күйде жүру, тыныштықты бұзу және ұсақ бұзақылық фактілері бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Сот шешімімен құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар одан келтірілген материалдық шығын өндіріп алынады.