Саясат

Елордада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы басталды

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢтөрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы басталды.

Jasalash.kz

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағыконсультативтік-кеңесші орган саналады. Ұлттық кеңес қызметінің негізгі мақсаты — жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғамның өкілдерімен кеңіненталқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар менұсынымдар. Ол өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын,Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтықактілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады. Ұлттық кеңестің негізгіміндеттері: тұжырымдамалардың, мемлекеттік бағдарламалардың және нормативтікқұқықтық актілердің жобаларына қоғамдық сараптама жүргізу; жұртшылықтың жәнеазаматтық қоғамның пікірін ескере отырып маңызды стратегиялық проблемалардықарау; жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектордың жәнемемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету;өзінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтінөзге де қызметті жүзеге асыру болып табылады. Ұлттық кеңестің құрамы белгілі мемлекетжәне қоғам қайраткерлерінің, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор өкілдерініңқатарынан қалыптастырылады. Қазақстан Республикасы Президенті ӘкімшілігініңБасшысы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, ҚазақстанРеспубликасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан кәсіпкерлерініңқұқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл өз лауазымдарына сәйкес Ұлттық кеңестіңқұрамына кіреді. Төрағаның шешімі бойынша Ұлттық кеңеске республикалық жәнежергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ өзге де адамдаренгізілуі мүмкін. Айта кетерлігі, осы жылдың шілде мен тамыз айларында Алматыжәне Нұр-Сұлтан қалаларында Ұлттық кеңеске мүшелікке енген азаматтармен кездесуөткізілген болатын. Сол кездесудегі талқылау барысында Ұлттық қоғамдық сенімкеңесінің алғашқы отырысының алдында ұйымдастырушылық жиынды өткізууағдаластығына қол жеткізілді. Ұйымдастырушылық жиын 28 тамызда ҚРПрезиденті Әкімшілігінің басшысы, Кеңес төрағасының орынбасары ҚырымбекКөшербаевтың басшылығымен өтті. Кездесу жұмысына Ұлттық кеңестің мүшелеріқатысты. Оның аясында Ұлттық кеңес қызметінің бағыттары мен тетіктері, Ұлттықкеңестің бірінші отырысын өткізуге дайындық мәселелері талқыланып, жұмыстоптары құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 шілдедегі№63 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттыққоғамдық сенім кеңесі туралы ережеге сәйкес, Ұлттық кеңес мүшелеріне куәліктертапсырылды. Сол күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенімкеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесулер өткізді. 

Дереккөз: inform.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега