Ең жас депутат атанған Мәди Ахметовтің қазір не істеп жүргені белгілі болды
Атышулы экс-депутат Мәди Ахметов ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім алатыны белгілі болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік қызметшілерді даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін ерекше мәртебеге ие еліміздің жоғары оқу орны.
Мәди Ахметов ақылы негізде оқиды. Университетте білім алу құны 2 миллион теңгеден асады.
Айта кетейік, Мәди Ахметов «Нұр Отан» (қазіргі Аманат) атынан Мәжілістің ең жас депутаты болды. Ол Алматыда Назарбаевқа ескерткіш орнату туралы барша жастардың атынан айтқан ұсынысынан кейін жұртшылыққа кеңінен таныла бастады. Бұл желіде қатты реакция тудырды, Ахметов бірден мемдердің кейіпкеріне айналды.
2021 жылдың қаңтарында «Нұр Отанның» партиялық тізімдері бойынша Мәди Ахметов Мәжіліс депутаты болды, ал тура бір жылдан кейін ол қалған мәжілісмендермен бірге «Тұңғыш Президент туралы» заңның күшін жоюға бірауыздан дауыс береді.