Еңбек министрінің ағасы Тимуржан Нұрымбетов өз еркімен қызметінен кетті
ТимуржанНұрымбетов Жамбыл облысы Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалардыүйлестіру басқармасының басшысы қызметінен өз еркімен кетті.
Бұл туралы өңірлікәкімдіктің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресмисауалхатқа берген жауабында айтылады.
Ведомство мәліметінше, облысәкімінің бұйрығымен Нұрымбетов басқарма басшысы қызметінен өз еркімен кетті. Олбұл қызметке 2019 жылдың 18 ақпанында келген еді.
«Тимуржан Нұрымбетов өзінсауатты және білікті маман, мықты басшы ретінде көрсетті. Ашық, еңбекқор адам.Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысықызметінде ешқандай тәртіптік жазаға тартылған жоқ», — делінген Жамбыл облысыәкімі аппаратының басшысы Алмас Мәдиевтің жауабында.
24 сәуірде Нұрымбетовтің орнынауақытша қызметке Жорабек Баубеков келді.
Еске салайық, мұның алдында ТимуржанНұрымбетовтің үй қамауына алынғаны хабарланған еді. Жамбылоблысының прокуратурасы 2019 жылдың 26 желтоқсанында антикоррупция қызметініңсотқа дейінгі тергеу бастағанын айтқан еді.