Оқиғалар

Енді Kaspi.kz-те ЖҚЕ бұзудың видеосын көруге болады

Kaspi.kz Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты.

Фото: Kaspi.kz

 Енді клиенттер айыппұл салынған жол қозғалысы ережесін бұзу сәтінің видеосын көре алады.

Видеоны айыппұлды төлеу парақшасында сұратуға болады. Мемлекеттік орган сұрауды өңдегеннен кейін клиентке Kaspi.kz қосымшасында хабарлама келеді.

Видео қосымшада 7 күн бойы қолжетімді. Айыппұл төленгеннен кейін де видеоны төлемдер тарихынан көруге болады.

Жаңа сервис туралы толығырақ ақпарат — Kaspi Гидте.

Фото: Kaspi.kz

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы — сүйікті клиенттер мен серіктестердің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен сервистер әзірлеу.

Kaspi.kz сервистерін Қазақстан мен Түркияда 26 миллионнан астам клиент және 1 миллионға жуық серіктес пайдаланады. Қазақстанда Kaspi.kz суперқосымшасы төлемдерді, электрондық коммерцияны, онлайн-супермаркетті, финтехті, саяхатты, хабарландыруларды, мемлекеттік қызметтерді және күнделікті қолданылатын басқа да сервистерді біріктіреді. Түркияда Kaspi.kz елдегі жетекші электрондық коммерция платформаларының бірі — Hepsiburada-ға иелік етеді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Kaspi.kz