Қоғам

Эр-Рияд әуежайына жасалған шабуылдан қаза тапқандар мен жараланғандар арасында қазақстандықтар бар ма?

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы король Халид атындағы халықаралық әуежайға жасалған шабуылдан кемінде 12 адам қаза тауып, тағы 309 адам жарақат алған.

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар бар-жоғын мәлімдеді. Ведомствоның алдын ала ақпараты бойынша, қаза болғандар мен жараланғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Бұған дейінгі хабарламаларда шабуылға Йемендегі хуситтер жауапты болуы мүмкін екені айтылған. Олар әуежай нысанына зымыран ұшырған деген ақпарат тарады.

Қаза тапқандардың төртеуі – Сауд Арабиясының, екеуі – Бангладештің азаматтары. Сондай-ақ АҚШ, Мысыр, Иордания, Сирия, Палестина және Судан елдерінің бір-бір азаматы көз жұмған. Жараланғандардың арасында жағдайы ауыр адамдар бар.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Эр-Рияд шабуыл