Сауд Арабиясындағы Эр-Рияд әуежайында жарылыс болды
Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайға тағы да шабуыл жасалды.
Жарылыс салдарынан адамдар зардап шеккен. Бұл туралы Reuters куәгерлер мен дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады. Агенттікпен сөйлескен куәгерлердің бірі әуежай еденінде көптеген жаралы адамның жатқанын көргенін айтқан. Оқиға орнына 10-нан астам жедел жәрдем көлігі жіберілген.
Қауіпсіздік шараларына байланысты әуежайдың кейбір бөліктеріндегі жолаушылар эвакуацияланды. Әуе рейстері уақытша тоқтатылды.
Әуежай әкімшілігі жолаушыларға рейстердің мәртебесін әуе компанияларынан нақтылауға кеңес берді.
Еске салайық, бұған дейінгі күні әуежайға жасалған шабуылдар салдарынан үш адам қаза тапқан еді. Соңғы жарылыстың себептері мен зардап шеккендер саны туралы толық ақпарат әзірге жарияланған жоқ.