Ералы Тоғжанов Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі болып тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.
Ал бұған дейін бұл қызметті атқарған Бейбіт Атамқұлов лауазымынан босатылды.