Саясат

Ердоған Қазақстанға келмейтін болды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 30-31 наурызда Қазақстанға келмейтін болды.

Jasalash.kz

Түрік басшысы Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бейресми саммитіне қатысуы керек болған, алайда президент әкімдігі ел басшысы саммитке видеоконференция арқылы байланысқа шығатынын айтты, — деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін Ердоған Түркістанда 31 наурызда өтетін Түркі кеңесіне арналған бейресми саммитке қатысатыны хабарланған болатын. 

«Президенттің 30-31 наурызға жоспарланған Қазақстанға сапары болмайды, ол Түркі кеңесінің бейресми саммитіне бейнеконференция режимінде қатысады», — делінген хабарламада.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега