Ердоған Трампты Иранға қарсы жаңа шабуылдардан бас тартуға шақырды
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған АҚШ президенті Дональд Трампты Иранға қарсы жаңа әскери шабуылдарға жол бермеуге және Таяу Шығыста жағдайдың одан әрі ушығуына тосқауыл қоюға
Ормуз бұғазы төңірегіндегі шиеленіс күшейіп, Қатарда келіссөздер жүріп жатқан тұста Анкара өз ұстанымын ашық білдірді. Ердоған АҚШ басшысына Түркияның әскери қақтығыстың қайта өршуіне қатысты алаңдаушылығын жеткізген. Сондай-ақ Анкара ауқымды соғыстың алдын алу үшін араағайындық жасауға дайын екенін мәлімдеген.
"Біз Иранға қарсы шабуылдардың жаңа толқыны басталуын және өңіріміздің одан әрі тұрақсыздыққа ұшырауын қаламаймыз. Мен АҚШ президенті Дональд Трампқа алаңдаушылығымызды жеткізіп, бейбітшілік пен дипломатияға жол ашу үшін араласуға дайын екенімізді айттым", – деді Ердоған.
Түркия билігінің пікірінше, ауқымды әскери қимылдардың қайта басталуының зардабын тек қақтығысқа қатысушы тараптар ғана емес, бүкіл аймақ тартуы мүмкін.
Анкара Вашингтон мен Тегеранды жағдай бақылаудан шықпай тұрып, келіссөздер арқылы ортақ шешім табуға шақырып отыр.