Ерлі-зайыптылар ұзақ уақыт бірге тұрмаса, кейін алынған мүлік ортақ болып таныла ма?
Кассациялық сот ерлі-зайыптылардың ресми түрде ажыраспаса да, ұзақ уақыт бірге тұрмай, кейін сатып алынған мүлік ортақ меншік болып есептелмейтінін мәлімдеді.
Әйел адам сот арқылы бұрынғы жұбайы сатып алған жер телімін ортақ мүлік ретінде тануды талап еткен. Іс материалдарына сәйкес, олар 1995 жылдан бері бөлек тұрған.
Ер адам кейін басқа отбасы құрып, балалы болған. Ал даулы жер телімі тек 2009 жылы, яғни бөлек кеткеннен кейін 14 жыл өткен соң алынған.
Осы жайттарды ескерген сот жер учаскесін ортақ мүлік ретінде танудан бас тартты.