Қоғам

Ерлан Қарин: «Мемлекет басшысының бастамасымен елде ауқымды және терең өзгерістер жүріп жатыр»

Ерлан Қарин әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 90 жыл толуына орай өткен салтанатты жиынға қатысты.

Фото: akorda

 

Мемлекеттік кеңесші бірегей білім ордасының тарихи маңызына, Президенттің бастамасымен қолға алынған ілкімді істерге тоқталды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен елде ауқымды және терең өзгерістер жүріп жатыр. 2029 жылға дейін инфрақұрылым жүйесін жаңартуға қатысты кешенді жоспар қабылданды. Тек биылдың өзінде 6 мың шақырымнан астам инженерлік-коммуникация желісі жөнделді және 12 мың шақырым жол жөндеуден өтіп, салынып жатыр. 3 әуежайдың жаңа терминалы іске қосылды. Биыл 100-ден астам мектеп салынды, соның ішінде 53 жайлы мектеп бар. Соңғы он жылда рекордтық астық жиналды. 18 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ, биыл жалпы құны 1,27 триллион теңге болатын 169 кәсіпорын іске қосылды. 14 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Мұның бәрі – Мемлекет басшысының бастамасымен жасалып жатқан жоспарлы, жүйелі жұмыстың нәтижесі», – деді Мемлекеттік кеңесші.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: университет