Саясат

Ермегияев Бишімбаев сынды босап шыға ма?

«Астана ЭКСПО-2017»ұлттық компаниясының экс-басшысы Талғат ЕРМЕГИЯЕВТІҢ ісі қайта тексеріліп жатырекен.

Jasalash.kz

Бұл туралы tengrinews.kzтілшісіне Талғат АМАНГЕЛДІҰЛЫНЫҢ адвокаты Алла КОТЛОВА хабарлаған.

Ермегияевтің ісінсоттан алдырған құқық қорғау органдары бір айдан бері тексеріп жатыр екен.Алайда Котлова тексерістің не үшін жүріп жатқанын айтпаған.

«Біз құқық қорғау органдарының тексеру жүргізіп жатқанын нақты білеміз. Бұлісті кім жүргізіп жатқанын білмеймін. Бұл мәселеде маған ешкім хабар бергенжоқ. Бірақ біз, тексеріс жасап жатқан адамдардың сұрағы болса, қажеттіақпаратты беруге дайынбыз". Ермегияевке қатысты қылмыстық істің қайтатексерілу керектігі туралы шешім қабылданады деп үміттенеміз, сондай-ақ осықылмыстық істе басқа да фигуранттарға да қатысты. Біз осыған қатты үміттенеміз», — деген Ермегияевтің адвокаты Алла Котлова.

Талғат Ермегияев 2016жылдың 9 маусым күні 14 жылға сотталған. Ол қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-тармағы(пара алу), 189-бабы 4-тармағы 2-бөлімі (өзіне сеніп тапсырылған бөтенніңмүлкін иелену немесе ысырап ету) бойынша айыпталды. Сотта тергеуші ТалғатАмангелдіұлының 4 миллиард 200 миллион теңге көлемінде қаржы жымқырғанын айтқанболатын. 4 жыл жазасын өтеген экс-шенеунікке әлі он жыл түрмеде отыру керек.

2019 жылдың 10 қазанкүні он жылға сотталған экс-министр Қуандық БИШІМБАЕВ түрмеде бір-ақ жыл отырыпбосап шықты. Айтпақшы, бұрынғы ұлттық экономика министрі 1,2 миллиард ақшажымқырды деп үкім кескен судья Әділхан ШАЙХЫИСЛАМОВ Ермегияевтің де ісін жүргізген. Енді ЕрмегияевБишімбаев сынды босап шыға ма?

Коллаж: zhasalash.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега